Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
2036 0 пікір 31 Мамыр, 2023 сағат 13:29

Шавкат Мирзияев президенттікке тағы үміткер

Кәсіпкерлер мен іскер адамдар қозғалысы мен Либерал-демократиялық партияның 30 мамырда өткен XI-съезі Өзбекстанның қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевті президенттіктен үміткер ретінде бекітті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Дереккөз" Telegram-арнасының президент әкімшілігіне жақындығы бар адамға сілтеме жасай отырып хабарлауынша, мемлекет басшысы сайлау қарсаңындағы бағдарламасының негізгі бес бағыты туралы баяндама жасаған.

Мирзияев сайлау бағдарламасында өнеркәсіптегі "мегажобалар", әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігін құру, автокөлік өндірісін 1 миллионға жеткізу туралы айтқан.

Съезд шешімімен, Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы заң тәртібімен Орталық сайлау комиссиясына Шавкат Мирзияевті президенттікке партия атынан үміткер ретінде тіркеу жөнінде өтініш береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963