Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
2004 0 пікір 31 Мамыр, 2023 сағат 13:32

Экс-президенттерге не болады? Жапаров не дейді?

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік "Кабар" ақпараттық агенттігіне берген сұқбатында экс-президент Асқар Ақаевтың Бішкекке сапарына қатысты пікір білдірді. 

Ол Ақаевтың үстінен ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын әрі оның іздеуде емес екенін атап өтті.

"Біз Құмтөрді қайтаруға күш салып жатқанда, оны сұрауға шақырдық. Біз елге келгенде, оны ұстамаймыз деп кепіл бердік. Кепіл берген күннің өзінде, оны ұстауға ешқандай заңдық негіз жоқ еді. Оның Құмтөрге қатысты берген куәсі пайда әкелді", - деді президент.

Ол сонымен бірге журналист Қадыр Кошалиевтің Құрманбек Бакиевтен алған сұқбатына байланысты, "журналист кімнен сұқбат аламын десе, өз еркі" деген пікір білдірді.

"Биліктің Құрманбек Бакиевті елге қайтаруға ниеті жоқ. Асқар Ақаевпен салыстырғанда, Құрманбек Бакиевке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімі бар. Ол 30 жылға сотталды. Сот шешімі қазір күшінде. Біз заңды сыйлап өмір сүруге үйренуіміз керек. Менің сот үкімін бұзуға құзыретім жоқ. Менің тек егер Бакиевке рақымшылық жасауға не жасамауға құқығым бар, егер тек Бакиев рақымшылық сұрап, өтініш жасаса. Оның өзінде де 2010 жылы зардап шеккен халық шешеді", - деді Жапаров.

Ол сонымен бірге Құрманбек Бакиевке ғана емес, Максим, Жаныш, Акмат және Марат Бакиевтерге қатысты да сот шешімі бар екенін атап өтті.

2010 жылдың сәуір айында Құрманбек Бакиевтің отбасылық басқару режиміне қарсы шыққандарға Ала-Тоо алаңында оқ атылып, 80-нен асқан адам қаза тапқан. Осыдан кейін Құрманбек Бакиев елді тастап қашып, қазір Беларусь астанасы Минскіні паналап отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963