Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4256 0 пікір 21 Мамыр, 2013 сағат 13:00

Асылжан Мамытбеков. Көп сөз... бос сөз

«Қазагро» холдингі қаржы нарығынан, оның ішінде шетел қаржы нарығынан «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша тауар өндірушілерді қаржылай сауықтандыру үшін 2 млрд. доллар жұмылдырып жатыр. Ол үшін шетел қаржы компанияларының арасында өзінің евро облигацияларын сатып (ешбір кепілдіксіз), тиісті қаржыны тартпақшы. Бұл туралы Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазыпты.

Ал 2 млрд. қаржыны жұмылдыру үшін, холдинг белгіленген рәсімдерден өту керек. Оның бірі -инвестициялық рейтинг алу. «Әлемде үлкен инвесторлар ескеретін, олардың шешіміне тікелей ықпал жасай алатын үш-төрт ақ трансұлттық рейтингілік мекеме бар (Standard & Poor's, Fitch, Moody's). Рейтинг берген кезде бұл мекемелер бағаланып жатқан компанияның жұмысын, жағдайын жан-жақты зерттеп, әсіресе қаржы жағдайына, оның активтерінің нағыз бағасының теңгерімдегі (баланс) көрсеткіштеріне сәйкес келуіне, бар тәуекелдіктерге қарап тиісті баға (рейтингі) береді», - деп жазады министр.

Қаржысын салардың алдында инвесторлар облигация шығаратын компанияның қаржы жағдайын өздері зерттемей, берілген рейтингіге сүйеніп өздерінің шешімін қабылдайды. Неғұрлым рейтинг жоғары болса, соғұрлым қаржы алу мүмкіндігі жоғары, ал қаржының бағасы төмен болады.

Қазіргі уақытта «Қазагро» холдингі егеменді (суверенді) деңгейде рейтинг алып, белгіленген кесте бойынша 1 млрд. долларға өзінің облигацияларын сатты. Қаржы бірнеше күннің ішінде Холдингтің есеп шотына түседі. Келесі жылы тағы бір миллиард доллар осы жолмен тартпақшы. Сөз арасында айтып кететін жай, еліміздің «Қазмұнайгаз», «ҚТЖ», «Қазатомөнеркәсіп» және т.б. аты шулы мұнай-газ тұтқаларын ұстап тұрған, республикалық деңгейде монополист болып саналатын компаниялардың рейтингілері бір-екі саты төмен. Анықтама ретінде: бір елдің мекемесі сол елдің өзінің рейтингісінен жоғары рейтингі ала алмайды, сондықтан «Қазагроның» алынған рейтингісі алуға болатынның ішінде ең жоғарғысы.

«Айтылғанның бәрі тек ақпарат ретінде ғой. Өйткені, құрметті достар, оны басқа ақпарат көзінен де естуге мүмкіндіктеріңіз бар. Менің негізгі айтқым келгені - осыдан үш-төрт жыл бұрын басталған "Қазагроның ақшасын ішіп-жеп қойыпты, жымқырып қойыпты, жаппай жемқорлық" деген у-шу, ду-ду әңгіменің бәрі қайда қалды? Ондай фактілер болса, холдинг қалай егеменді деңгейде рейтинг алатын еді. Әлде, рейтингілік мекемелердің берген бағасы бұрыс па? Әлде саяси астарсыз, сабырлықпен, объективті түрде шу шығарып тұрған сұраққа қараса, таңылып, ұсынып жатқан тез піскіш шешімдерден, жасалынып жатқан тұжырымдардан бөлек, мүлдем басқа пікір мен көзқарас табуға бола ма?» - деп жазады Мамытбеков. «Сонда қазіргі ауыл шаруашылығы саласындағы сұрақтардың айналасындағы дүбірдің астары неде? Сұрақ көп достар, сондықтан баға қойып, қорытындылағанға асықпайық», - дейді министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371