Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3943 0 пікір 21 Мамыр, 2013 сағат 14:27

Сақ қорғандарына соқа салған кім?

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласына кіреберіс күре жолдың оң жақ қапталында ежелгі Сақ қорғандары бар. Әйгілі Алтын адамды археолог Кемел Ақышев 1970 жылы осы қорғаннан тапқан. Алтын адам - әлемдегі құнды тарихи жәдігер болып табылады.

Міне, тарихи-мәдени жерді әлдебіреулер Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің «жанашырлығымен» жекеменшікке айналдырып алып, жерді жыртып дән сеппекші болып дәнігіп жатқан көрінеді. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісінің Досым Зікірия есімді қолданушысы өз парақшасында жазыпты.

Уәкілетті орындар тарихи-мәдени Сақ қорғандарын сақтап қалуда шапшаң қимыл танытады деп ойлаймыз. Өз тарапымыздан бұл мәселенің анық-қанығын алдағы уақытта зерттеп, жазатынымызды айтқымыз келеді.

Суреттер  Досым Зікірияның Фейсбук парақшасынан алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371