Сенбі, 23 Қараша 2024
1459 1 пікір 7 Маусым, 2023 сағат 15:41

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті

Бұл туралы Ақорда арнайы хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Хельга Шмидке Астана халықаралық форумына қатысқаны үшін алғыс айта отырып, бұл форум Батыс пен Шығыс арасындағы байланысты нығайтудың жаңа алаңына айналуды көздейтінін атап өтті.

«Осы форумда Сіз бастаған ЕҚЫҰ делегациясы қазіргі әлемде орын алып отырған көптеген мәселелерді шешуге зор үлес қосады деп ойлаймын. Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықта болу саяси басымдық болып табылады. Біз Ұйымның рөліне қатысты бар келіспеушіліктерге алаңдаймыз. 2010 жылы Астанада өткен саммиттен кейін министрлер деңгейінде де, басқа форматта да бірде-бір ресми құжат қабылданған жоқ. Әрине, бұл бізді алаңдатады. Біз Ұйым аясында берік байланыстар қажет екеніне сенімдіміз», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан – ЕҚЫҰ-ның белсенді мүшесі. Тоқаев еліміздің ЕҚЫҰ-мен өзара тиімді серіктестік пен ашықтық рухында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға және Ұйымның Бас хатшысы ретінде Хельге Шмидке жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364