Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Ел іші... 2249 12 пікір 9 Маусым, 2023 сағат 15:04

Спортшылар одағы: «Тұрлыхановқа араша!»

Аbai.kz сайтының электронды поштасына Спортшылар одағының атынан хат келіп түсті. Хатта депутат Дәулет Тұрлыхановқа байланысты тарап жатқан қауесеттер туралы сөз қозғалып, оған араша сұраған екен. Abai.kz еркін ақпарат алаңы. Abai.kz-те ой жарыстырып, пікір таластыруға Қазақстанның әрбір азаматы құқылы. Ендеше, «Тұрлыхановқа араша» сұраған үшбу хатпен таныс болыңыздар.

Құрметті оқырман! Автордың пікірі мен редакция көзқарасы сәйкесе бермеуі мүмкін екенін естеріңізге саламыз.


Құрметті достар, құрметті әріптестер!

Кейінгі айларда Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа қарсы ақпараттық соғыс пен интернет-қудалау жүргізіліп жатыр. Қазақстан Спортшылар одағы бұл жайтты бақылап, алаңдап отыр.

Бірнеше айдан бері айтылып келе жатқан Дәулет Тұрлыхановтың  ұлы Нұрасыл Болаттың төңірегіндегі жанжалды көпшілік естіген шығар. Біз қоғамдық ұйым ретінде мұндай мәселелер тек заң аясында, Ішкі істер министрлігі мен прокуратураның қадағалауында қаралуы керек деп санаймыз. Бұл ретте қарсы тараптың Дәулет Тұрлыхановтың аты мен оның қазіргі жұмыс орнын пайдаланып, ғаламторда қызу жүріп жатқан жорамалын қате деп есептейміз. Азаматтар негізсіз айыптауды тоқтатып, заң аясында әрекет ету керек. Адамдар толық жеткізілмеген мәлімдемелердің кесіренен қоғам тарапынан жиі сынға ұшырайтынын бәріміз білеміз. Аталған жағдай да осындайдан шығып отыр.

Кейінгі атышулы қылмыстық істерге «хаһына қол сұғуға болмайтын адамдардың» араласқанын және олардың жазаланғанын Соттың әділдігіне күмәнданатын жандардың есіне салғымыз келеді.

Спортшылар одағының басты міндеттерінің бірі – қазіргі спортшыларды да, мансабын аяқтаған спортшыларды да қорғау. Біз шет қала алмаймыз. Дәулет Болатұлының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін посттарды, мәлімдемелерді және басқа да дәлелденбеген ақпаратты таратуды тоқтатуды сұраймыз. Біз қадағалау және бақылау органдарынан әлеуметтік желі қолданушылары Дәулет Болатұлын тергеуге қысым жасады деп айыптап жарияланған жалған ақпаратқа баға беруін сұраймыз.

Дәулет Тұрлыханов – Қазақстан спортының аңызы! Елге, спорттың дамуына, өскелең ұрпаққа еңбегі сіңген адамды спорт қауымы қорғауға міндетті. Еске сала кетейік, ол – грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Сеулдегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Барселонадағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Еуропа чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Abai.kz

12 пікір