Сенбі, 12 Сәуір 2025
1877 0 пікір 13 Маусым, 2023 сағат 14:12

Маңғыстауда мұнай-газ кен орны өртеніп жатыр

9 маусым күні Маңғыстау облысындағы «Бозашы Мұнай» ЖШС-ның «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында тұтанған өрт әлі ауыздықталған жоқ. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«13 маусым сағат 08:30-дағы жағдай бойынша Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы бөлімшесінің күшімен жасақталған линия бойынша 302 текше метр ерітінді толтырылды.

Жұмыс жалғасып жатыр.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жиынтық жасағының күштері мен құралдары апат болған жерде кезекшілік режимінде жұмыс жүргізуде», - делінген мәліметте.

Іс-қимылдың одан арғы алгоритмін әзірлеу мақсатында бүгін кеңес өткізу жоспарланған.

Еске салайық, 9 маусым сағат 09:00-де Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайлары басқармасына «Бозашы Мұнай» ЖШС-ның «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнындағы өрт туралы ақпарат түскен.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1802
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3627