Сенбі, 23 Қараша 2024
1686 0 пікір 13 Маусым, 2023 сағат 15:07

Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға соттауды сұрады

Прокурор экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлады КТК арнасы.

Астанадағы №2 Байқоңыр ауданы сотында атышулы іс бойынша жарыссөз өтті.

Мемлекеттік айыптаушы Мұхамедиұлы ҚР ҚК –бабымен кінәлі деген айыптау қорытындысын оқыды.  Біріншісі – қылмысты ұйымдастыру, екіншісі – сеніп тапсырылған бөтен бүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу. Сайып келгенде осы баптармен кінәлі деп танып, 9 жылға жаза арқалауын және өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айыруды сұрады.

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын антикор былтыр мамырда қамауға алған. Тергеу бір жылға созылды. Тергеу мәліметінше, біраз жыл мәдениет және спорт министрлігін басқарған Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарының мемлекетке келтірген шығыны шамамен 221 миллион теңгеден асады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5486