Сенбі, 23 Қараша 2024
1379 0 пікір 14 Маусым, 2023 сағат 12:28

Маңғыстау облысы: Кен орны өртеніп жатыр...

9 маусым күні Бозашы мұнай түбегіндегі «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында тұтанған өрт әлі лаулап жатыр.

«Өрт болған орынға өртке қарсы қызмет пен көмекші техниканың жиынтық жасағынан құралған 33 техника және жеке құрамның 89 адамы, сондай-ақ арнайы техника жіберілді. Қажетті күштер мен құралдардың барлығы кезекшілік режимінде», - деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кен орнындағы өрттің шығу себебі, қарапайым қауіпсіздік шараларының сақталмауынан екенін айтты.

Мамандар ұңғыма кратерін ауыр бұрғылау ерітіндісімен толтыруды немесе газ қысымын төмендету үшін іргеден қосымша ұңғыма қазуды ұсынған, немесе газ қысымының төмендеуінен от өздігінен сөнуі де ықтимал деген пікір айтады.

Естеріңізге сала кетейік, өрт «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында 9 маусым түнгі сағат 03.25-те ұңғыманы бұрғылау жұмыстары кезінде, №303 ұңғымадағы бұрғылау құралы көтеріліп кетіп, жер астынан газ-су қоспасы атқылауы себебінен пайда болған. Бір адам зардап шекті.

13 маусым сағат 08:30-дағы жағдай бойынша кратерге 302 текше метр ерітінді төгілген.

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485