Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 5007 1 пікір 30 Мамыр, 2013 сағат 09:51

Әнші-сазгер Роза Әлқожаның әндері мен өлеңдер жинағының тұсаукесері

Ақпарат-парақ

Өтетін уақыты: 31.05.2013 ж

Сағ: 12:00

Өтетін жері: Астана қаласы. Қазақстан Республикасының Ұлттықакадемиялық кітапханасы.

Музыка мен ақындық сөз бір-бірімен жымдаса отырып, жүрекке жылы, ұнамды бірлік жасайтыны секілді, Розаның орындаған әрбір әні тыңдаушы жүрегінен орын алып, ғашықтардың сезім пернесін шертті. Оның орындауындағы «Мен сыйға тартқан орамал», «Іздемейсің», «Ақберен», «Ол көктем оралмайды», «Мына өмір ғажап қандай», «Жүрек назы» әндері әрбір көрермен қосыла шырқайтын әнге айналды.

Асанәлі Әшімов: «Менің жанрым – күнделік» десе, Роза: «Менің жанрым – смс», - дейді. «Ғұмырымдағы сәйкесім» деп атаған, өнерде орны бөлек апасы Ақмарал Леубаевамен жыл бойы жазылған смс хаттары өлең боп өрілді. Өзгеге білдірмей, өзім деп бір-біріне сыр айтқан қос өнер иесінің бұл тәсілі көпке ұнады. Осы арқылы Розаға әдебиет өкілдері ақын деп  баға бере бастады.

Жастайынан жанына өлеңді серік етіп өскен Роза алғашқы шығармашылық кешін туған өлкесі – Мақтарал өңірінде өткізіп, елдің батасын алды. Содан бері еліміздің түкпір-түкпіріне ән сапар жасап, жаны да, әні де жарық нұрларға толы, нәзік жүрек пен әсем дауыстың иесі көптің көңілінен шығып келеді.

Бүгінге дейін әнші-сазгер ретінде көпшілікке таныс Роза Әлқожаның тағы бір қыры ашылмақ. Ақындар өзара ұқсастығымен емес, өзгешелігімен де қызық. Розаның жырларына көз жүгіртіп көрсеңіз, шынайы өмірді аңғарасыз. Оның тіршілігін, мұңын, күйін, қуанышын өлеңнен табасыз.

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әнші-сазгер Роза Әлқожа алғаш рет Астана жұртшылығын ән бесігінде тербетуді жоспарауда. Тек жаңа әндері ғана шырқалатын кештен бір күн бұрын «Қазақ толқыны» студиясынан дайындалып шыққан Розаның өз орындауындағы жаңа әндерінің, авторлық әндерінің, облыс орталықтарында, Алматы қаласында өткен ән кештерінің және өлеңдерінің таспасының тұсауы кесілмек. Тұсаукесер кешінің қонақтары: әнші-сазгер Роза Әлқожа, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, ақын Бақытгүл Бабаш, журналист Айдын Қаба, визажист-стилист Ержан Айтқали және тағы басқалар. Мақсаты — өнер сүйер жұртшылықтың алдында бүгінге дейін атқарған жұмыстарына есеп беру, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісу.  

Байланыс телефоны: 8 702 907 44 72

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021