Оңтүстік Корей Семей орманына көмектеcпек
Азиялық орман шаруашылығы ынтымақтастығы ұйымы (AFoCO) Қазақстанға ормандарды қалпына келтіруге және өрттің алдын алуға көмектеседі, деп хабарлады «Хабар 24».
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Сеулде ұйымның вице-президентімен кездесуінде осылай деді.
"Кореяда 50-60 жылда ормандарды қалпына келтіру мақсатында 11 миллиард ағаш егіліп, 2,5 миллион гектар жер қалпына келтірілді. Осыған байланысты біз корей тарапына олардың бай тәжірибесін бізбен бірге пайдалануды ұсындық", - деді ҚР парламенті мәжілісі комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин.
Жаңбыршиннің айтуынша, мамандарды даярлау мәселелері де талқыланды.
"Бізге олардың технологиясын немесе біз үшін маңызды басқа мүмкіндіктерін пайдалану керек. Сонымен қатар оларды біздің азаматтарға тағылымдамадан өтуге көмектесуге шақыру керек", - деді Еділ Жаңбыршин.
Abai.kz