Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 11451 0 пікір 31 Мамыр, 2013 сағат 14:13

Индустрияландыру картасы

Қазақстанды  индустрияландырудың картасына 181 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 11, 2 трлн. теңге сомасына 779 жоба жүзеге асуы тиіс.  Қазіргі күні 2,1 трлн. теңгеге 537 жоба іске қосылып, , 40,9 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Қазақстанды  индустрияландырудың картасына 181 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 11, 2 трлн. теңге сомасына 779 жоба жүзеге асуы тиіс.  Қазіргі күні 2,1 трлн. теңгеге 537 жоба іске қосылып, , 40,9 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Атап өту қажет, 2010- жыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асу кезеңі басталған уақыт. Жобаның басты мақсаты - экономиканы әртараптандыру, қазақстандық үлесті арттыру, шағын және орта кәсіпкерлік мүмкіндіктерін мультипликацииялау, шикізаттық экспорт әлеуетін арттыру, жоғары технологиялы өндіріспен болашақ экономикасына көшу болып табылады. 2010-2014 жылдарға арналған үдемелi индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi тетiгi - Қазақстанды индустрияландыру картасы болып табылады. Карта - мемлекетке бизнеспен бiрлесiп дұрыс инвестициялық шешімдер қабылдауға және жеке сектор жобаларының іске асуымен қатар елдегі инфрақұрылымның дамуы және ресурстық әлеуетiмен байланысын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Карта жобаларының тiзбесiне, жоғары деңгейде пысықталған және Мемлекеттік бағдарлама өлшемдерiне сәйкес келетiн Қазақстан экономикасы үшін ең маңызды барлық жобалар енілген. 3 жыл ішінде жалпы 2,1 трлн. теңге сомасына барлығы 537 жоба іске қосылды, 57 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.  «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ мәліметі бойынша, өткен жылда ЖІӨ-нің өсіміндегі Карта жобаларының үлесі 1,3% құрды. Индустрияландыру картасы жобалары шеңберінде Қазақстанда 390 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, 106 жаңа өнім игерілді. Олардың арасында композитті металпластикалық құбырлар, энергия үнемдегіш құралдар, дәрілік және басқа өнімдер бар.Карта жобаларын табысты іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі мемлекеттiк қолдау шаралары көрсетіледі. Мемлекеттiк қолдаудың мұндай шараларымен Картаның барлық жобалары қамтылған, оның ішінде «Бизнестiң жол картасы – 2020» және  «Өнiмдiлiк -2020» бағдарламалары шеңберiнде қолдау, инвестиция туралы Заң шеңберiнде преференциялар берілген, инновациялық технологиялар  алуға гранттар берілген, визалық қолдау, жер учаскесін беру, рұқсат рәсiмiнiң жеделдету және басқалар бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019