Сенбі, 23 Қараша 2024
3921 3 пікір 16 Маусым, 2023 сағат 14:30

Көшербаев: Ескі құда - жаңа әкім

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып Ермек Көшербаев тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматыда № 170 орта мектепте тарих мұғалімі болып бастаған ол, кейін беделді лауазымдарды,  ШҚО әкімінің бірінші орынбасары, Ауыл шаруашылығы вице-министрі; Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы; Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін иеленді.

Ермек Көшербаев үйленген, екі баласы бар. Оның жұбайы – Динара Шайжүнісова. Динара Шайжүнісованың інісі Дален Шайжүнісов 2018 жылы Нұрсұлтан Назрабаевтың жиені, Дариға Назарбаеваның қызы Венера Әлиеваға үйленген.

Екі жастың тойы Алматыдағы Ritz-Carlton-да сән-салтанатпен өтті.

Шығысқа Ахметовтың орнына барған Көшербаев экс-президенттің құдасы.

 

Сурет: ғаламтордан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475