Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
2222 0 пікір 19 Маусым, 2023 сағат 12:45

Егізбаев: «Субсидия саясаты әрбір жарты жыл сайын өзгереді»

Мәжілістегі Үкімет сағатында Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев ауыл шаруашылығындағы субсидия беру ережесін кемінде 5 жыл бойы өзгермейтіндей етіп бекітуді ұсынды. 

«Саланың шешімін таппай отырған мәселесінің бірі – қаржы институттарының несиесін кепілмен қамтамасыз ету. Мысалы, Агрокредит корпорациясынан «Агробизнес» бағдарламасы бойынша төртінші буындағы 1 гектар жылыжай кешенін салуға 1 млрд теңге несие алу үшін 1 млрд теңге кепіл ұсыну қажет. Фермерлердің жұмыс істегісі келгенімен, қаржыгерлер цифрларды «ойнатып», олардың жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей отыр», - деді Мәжілістің комитет төрағасы.

Оның пайымынша, фермерлерге несие беру шарттары мен кепілмен қамтамасыз ету талаптарын түбегейлі қайта қарау қажет.

«Министрлік басшылығы 2021 жылғы қыркүйектен бүгінгі күнге дейін ғана субсидия беруге қатысты бұйрықтарды 21 мәрте өзгертті. Ағылшын тілінде айтқанда, no comment. Субсидия беру жөніндегі мемлекеттік саясат әрбір жарты жыл сайын өзгеретін болса, фермерлер өз жұмысын қалай жоспарлауы керек? Министрлікке субсидия берудің тұрақты және түсінікті ережелерін белгілеу және оны кемінде 5 жылға дейін өзгертпеу қажет», - деді депутат.

Коллаж: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1168
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2691
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 811
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 783