Озоди радиосының дереккөзі шенеунік Тәжік мемлекеттік сауда университетінің оқытушысы Исмоил Рахмоновты ұрлады деген күдікке ілінгенін жеткізді.
"12 маусымда түнде ол Исмоил Рахмоновты күшпен көлігіне салып, белгісіз жаққа алып кеткен. Университет оқытушысы тірі ме, жоқ па, белгісіз", - дейді дереккөз.
Тергеу органдары Исмоил Рахмоновты өлтірген болуы мүмкін деген болжамды да алға тартып отыр.
Исмоил Рахмоновтың туыстары оны бір аптадан бері іздеп жүр. Отбасын жақын адамдардың бірінің айтуынша, Акмал Юсуфзода мен Исмоил Рахмоновтың әйелдері Тәжік мемлекеттік сауда университетінде бірге жұмыс істейді. Куәлердің айтуынша, екеуінің арасында жанжал шыққан.
Осы университетте жұмыс істейтін Исмоил Рахмонов кандидаттық диссертациясын қорғауға дайындалып жүрген. "Дисертациясын алдын ала қорғағаннан кейін оны ешкім көрмеген", - дейді дереккөз.
Исмоил Рахмонов Хатлон облысы Жайхун ауданында туған. Төрт баласы бар.