Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
1966 2 пікір 21 Маусым, 2023 сағат 16:12

4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Айтуынша, қазіргі кезде автокөліктің ең сұранысқа ие түрі – автобус.

«4 пайыздық автонесие бағдарламасын қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз. Авкөліктерді несиелеу бағытын автобустарды несиелеуге ауыстырмақшымыз. Бүкіл республика бойынша 10525 автобус бар. Олардың көпшілігі тозған. Қоғамдық көлікті күнделікті 9,3 миллион қазақстандық пайдаланады. Біз олардың қажеттіліктеріне басымдық бермекпіз»,—деді министр.

Сондай-ақ Марат Қарабаев бағдарлама шарттарының өзгеруі жеңіл көліктертің қымбаттауына әсер етпейтінін атап өтті.

«Бұл жеңіл көлік қымбаттайды деген сөз емес. Қазақстандықтар көлікті нарықтық ставкамен ала алады. Яғни, өндірушілердің не банктердің бағдарламасын қолдануға болады»,—деді ол.

Айта кетейік, жеңілдетілген автонесие өткен жылы мамыр айында берілген еді.  Оның екінші толқыны биыл ақпанда online қабылданды. 18 секундта 761 адам ғана тіркеліп, платформа халықтың сынына ұшырады.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1267
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2804
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 915
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 863