Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4048 1 пікір 5 Маусым, 2013 сағат 06:41

Әлия Садыбаева. Өскеменде қазақ тілді балабақшалар неге аз?

Әдетте, қазақ адамды, әсіресе баланы санамайды. Бұл «мың өліп, мың тірілген қазақтың» қалған ұрпағына көз тимесін, «жоқ» десең, жоғала бересің» деген ырымынан туған болса керек. Өскемендік сәбилер ішінде қазақ баласының үлесін анықтау үшін еріксіз есепке жүгінуге ата-аналардың қаладағы қазақ тілді балабақшалардың неге аздығы жайлы сауалы себеп болды. 

Облыстық статистика департаментінің жыл басындағы есебіне үңілсек, әрбір төртінші шығысқазақстандық облыс орталығында тұрады екен. Өскемендегі 321 мың адамның 117 мыңы, яғни үштен бірі – қазақ. Қала халқының оннан бір бөлігін құрайтын 7 жасқа дейінгі сәбилер саны - 32 750,  оның  ішінде 16 453-і, яғни  тең жартысы – қазақ баласы.

Қаладағы балабақшалар мен шағын орталықтарға қазір 12 мыңдай бала барады. Қазақ тілді - 7, аралас тілді – 15, орыс тілді – 20 балабақша жұмыс істеуде. Және 5 жастан асқан балалар үшін мектеп жанынан ашылған қазақ тілді – 5, аралас тілді – 13, орыс тілді - 15 шағын орталық бар.

Әдетте, қазақ адамды, әсіресе баланы санамайды. Бұл «мың өліп, мың тірілген қазақтың» қалған ұрпағына көз тимесін, «жоқ» десең, жоғала бересің» деген ырымынан туған болса керек. Өскемендік сәбилер ішінде қазақ баласының үлесін анықтау үшін еріксіз есепке жүгінуге ата-аналардың қаладағы қазақ тілді балабақшалардың неге аздығы жайлы сауалы себеп болды. 

Облыстық статистика департаментінің жыл басындағы есебіне үңілсек, әрбір төртінші шығысқазақстандық облыс орталығында тұрады екен. Өскемендегі 321 мың адамның 117 мыңы, яғни үштен бірі – қазақ. Қала халқының оннан бір бөлігін құрайтын 7 жасқа дейінгі сәбилер саны - 32 750,  оның  ішінде 16 453-і, яғни  тең жартысы – қазақ баласы.

Қаладағы балабақшалар мен шағын орталықтарға қазір 12 мыңдай бала барады. Қазақ тілді - 7, аралас тілді – 15, орыс тілді – 20 балабақша жұмыс істеуде. Және 5 жастан асқан балалар үшін мектеп жанынан ашылған қазақ тілді – 5, аралас тілді – 13, орыс тілді - 15 шағын орталық бар.

Орыс тілді «Чудотворец», «Вишенка», «Подснежник» балабақшаларының негізі 1954-59 жылдары қаланған. Қазірге дейін жұмыс істеп тұрған тағы 11 балабақша 1986 жылға дейін ашылған. Одан кейінгі он жылда көптеген балабақшалар жабылып, ғимараттары жекешеленіп кеткен.  Осы уақытта тек «Арина» жекеменшік балабақшасы 1990 жылы, алғашқы қазақ тілді «Қарлығаш» балабақшасы 1991 жылы іске қосылған. Бұл – желтоқсан оқиғасынан кейін, тілімізге мемлекеттік мәртебе беріліп, еліміз тәуелсіздік алған, өзге ұлт өкілдері де балаларына қазақ тілді балабақша іздеп сабыла бастаған кез. Бұдан кейінгі 14 жылда орыс тілді балабақша ішінен қазақ тілді топтар ашуға ата-аналар талап қоймаған соң, билік те ниет етпеген тәрізді. Тек 2005 жылдан бастап ғана балабақша атаулы біртіндеп іске қосылып, мектеп жанынан шағын орталықтар ашыла бастағанын ескерсек, қазіргі қазақ тілді топтардың көбею қарқыны бұрынғыдан әлдеқайда жылдам деуге болады. «Балабақша санын көбейтуде ҚР Үкіметінің «Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасын»  басшылыққа алып, ата-аналардың тілектерін ескере отырып, жұмыс атқарудамыз. 1993-98 жылдар арасында жекешеленген ғимараттарды қайтару ісі жалғасуда. 2020 жылға дейін жиыны 1400 орынға арналған 6 балабақша ғимараты қайтарылады. 2015 жылдың өзінде ғана жиыны 1640 балаға арналған 6 жаңа балабақша салынбақ.  Нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы өскемендік бүлдіршіндердің 99,4 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтамасыз етіледі»,-дейді Өскемен қалалық білім беру бөлімінің бастығы А.Кузнецов.

Жақында №19 шағын ауданда қазақ тілді, 250 балаға арналған «Рахат» балабақшасы пайдалануға  берілмек. Жаз ортасында Буров көшесі,51 мекенжайындағы балабақша ғимараты іске қосылады.  Мұнда 7 қазақ тілді, 4 орыс тілді топ болады. Және 2 топ үйде ата-анасының арнайы бағуын қажет ететін, ақыл-есінде кемістігі бар балаларға арналуы мүмкін. Биылғы жоспарға сәйкес, Космическая көшесіндегі «Шығыс Ақпарат» иеленіп отырған  ғимаратқа 11 топтан тұратын, 280 орындық қазақ тілді балабақша ашу көзделуде.

Қала бойынша 2010 жылы - 4795, 2011 жылы -4988, 2012 жылы – 5327 сәби дүниеге келген.   Қалалық білім бөлімінде  балабақша кезегінде  4928 бала тұр, бұл бір жылда өмірге келетін сәбилер санымен парапар. Жаңадан мектеп алды мекемелері ашылып, жыл сайын мектепке баратын бүлдіршіндер орнын бөбектер басады, әрі қалалық ата-ана баласын өмірге келе салып, кезекке тіркеп қоятынын ескерсек, жағдай сонша күрделі емес деуге болады. Тек топ  жасақтауға бала саны жетпеген соң, баласын үйінен алыс балабақшаға немесе ауылдағы ата-әжесіне апаруға мәжбүр болатын ата-аналардың жағдайы қиын. «Әр топта 27 бала болуға тиіс. Топтағы бала саны негізінен жеңілдік берілуі тиіс балалар есебінен артып кетіп отырады. Мысалы, әскерилердің немесе аз қамтылған отбасылардың балалары топ құрамы жабдықталатын оқу жылы басталып қойған соң қосылып жатады. Қазақ ата-аналар балаларын біресе ауылға апарып, біресе қайта әкеліп, бала санын анықтауда қиындық тудырады,- дейді қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Г.Абдулина.

Қазір қазақ тілінде тәрбие беретін 121 топта 4 мыңнан аса, орыс тілді 232 топта 8 мыңға жуық бала бар. Балабақшаға баратын 12 мың баланың да тең жартысы қазақ бола тұра, қазақ тілді топ саны да, бала саны да екі есе кем. Қазақ тілді топтарда өзге ұлт өкілдерінің балалары 126 ғана болса, орыс тілді топтарда қазақ балаларының саны – 1528. Өкінішке орай, елуден аса топ жасақтауға жетерлік қазақ баласы өзге тілде тәрбие алып жүр. Педагог мамандармен, ата-аналармен тілдесе келе, бұл жағдайдың орын алуына қаладағы қазақ тілді балабақша санының аздығы ғана себеп болмағаны байқалды. «Орыс тілді балабақшаның қазақ тілдіден қандай артықшылығы болуы мүмкін?» деген сауалға да біржақты жауап табу мүмкін болмады.

Қалалық білім бөліміне қарасты барлық балабақша атаулы ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелерімен» жұмыс істейді. Тек тіл үйренуге бөлінген сағаттарда ғана айырма бар.  Қазақ тілі орыс тілді топта аптасына 3 сағат, қазақ тілді топта 2 сағат, ағылшын тілі екеуінде де 2 сағат.

Барлық балабақшада психолог, хореограф не музыка маманы, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі мұғалімдері бар. «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығын игерген тәрбиешілер қай тілді балабақша  үшін де тапшы болған соң, қаладағы гуманитарлық колледжде бастауыш сынып мұғалімдері 3 айлық қайта даярлау курстарынан өтуде. Бұрыннан істеп жүрген мамандар болса, біліктілікті арттыру курстарына қатысады. «Өрлеу» ұлттық орталығының ШҚО бойынша  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Г. Жұманова «Әлемдік білім саласында білім парадигмасы өзгерді. Кеңестік кезеңдегідей баланы ақыл айтып тәрбиелеу әдісі ескірді. Ендігі тәрбиешілер баланы тұлға ретінде қабылдау жағына баса назар аударуы тиіс»,-дейді, демек енді  педагог мамандар  шәкірттеріне  бір бағытқа, бір мақсатқа ұмтылған серіктес ретінде қарайтын болады. Сонда ғана бала өздігімен ойланатын, өз бетімен шешім қабылдай алатын, өзге біреудің жетегіне ермейтін дағдыға ие болмақ. 

Кезекке жазылмас бұрын таңдаған балабақшаны алдын ала барып көру, материалдық жағдайымен, ұжымымен танысу, орналасқан соң күн сайын баланың көңіл күйіне назар аудару, жігерлендіру, қолдау да кейбір жұмысбасты жас ата-ананың назарынан тыс қалып жататыны рас. 

«Әрине, жаңа ашылған балабақшаны жарты ғасыр бұрын ашылған орыс тілді балабақшамен салыстыруға келмес. Балабақша беделін арттыру үшін ең алдымен ұжым өздері тер төгуі тиіс. Таңертең қуана қарсы алып, кешке ілтипатпен шығарып салса, ондай жерге «бармаймын» деп бала неге қашсын?! Сосын қазақ балабақшасының бір артықшылығы - оларда ғимарат ішінің, ойын алаңдарының әрленуі, жиһаздар, ойыншықтар - барлығы да жаңа. Баланың көзі қуанып, көңілі көтерілетін эстетикалық талғамға сай»,-дейді Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Б.Бакинова.

Осы арада балабақша жайлы «жақсы» деген сөздің айтылған жерде қалып, «бір тәрбиеші» жайлы жаман дақпырттың ауа жайылып, ұжым атына кір келтіретінін ескерген жөн. Мысалы, «5 жастағы баламды қабілеті жоқ деп не домбыра, не би үйірмесіне қатыстырмады», «қазақша білмейтін қызымды тәрбиеші балалармен қосыла әжуалапты» деген ата-аналар баласына ара түссе, жағдай қиындап кетер деп жасқанғандарын жасырмады.  Баласына сыйластықпен қарауды, өз құқығын талап етудің орнына, кейбір ата-ана басқа балабақша іздегенді тыныш көреді.  «Абайсызда дене жарақатын алғанда болмаса, балабақшада баламның құқығы бұзылды деп келген қазақ ата-ана болған жоқ,-дейді ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары А.Тоқтарбекова. – Бірақ бұл ешқандай проблема жоқ дегенді білдірмейді, бізде 26-46-36 сенім телефоны жұмыс істейді, соған хабарласуға болады. Шағын аудандарда отбасын және балалықты қолдау орталықтары ашылса, ата-аналарға көмегі көп болар еді».  

Балабақшада қазақ сәбилердің тең жартысы өзге тілді топта жүрсе, 2009 жылдан бері ашылып жатқан шағын орталықтарда да қазақ тілді бала саны орыс тілдіден үш есе аз. Орыс тілінде тәрбиеленген балалардың барлығы орыс мектебінің табалдырығын аттайды, ал олардың ата-аналары қоғамда «қазақ мектебінің білім беру деңгейі төмен» деген пікір қалыптастыруда.   Қазақ тілді мектептерде  жыл сайын ҰБТ нәтижесі жақсы болатынын естіп жүрсе де, «Қазақ тілінің болашағы жоқ, қалада қазақ мектебі аз, демек, қазақ тілінде білім алу да қажет емес» деп санауларын қояр емес.

«Қазақ мектебінің білім беру деңгейі тәуелсіздік жылдары жоғары сатыға көтерілді десек, артық болмайды. Өскемен қаласы бойынша Республикадағы алдыңғы қатарлы 100 мектептің ішіне кірген, республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздарын дайындауда табысты нәтижелерге жеткен мектептер қатарында облыстық мектеп-лицей-интернат, Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернаты, №44, №3, №16 мектептерді атауға болады.  Өскемендегі «Назарбаев зияткерлік» мектебінің мұғалімдер құрамын, оқушылар контингенті негізін құраған да осы аталған мектептердің оқушылары, мұғалімдері»,- дейді ҚР Білім және ғылым министрлігінің  ШҚО бойынша білім саласын бақылау департаментінің директоры Б.Данияров.

«Министр ауысқан сайын қазақ мектебінде бағдарлама өзгереді, оқулық жетіспейді. Осыдан-ақ балалар шаршап, жүйелі білім ала алмайды. Енді латын қарпіне көшсе, қазақ мектебінің жайы не болмақ?» деген ата-аналар алаңдаушылығын алға тартқанда, қалалық білім бөлімінің бастығы А.Кузнецов: «Бағдарлама өзгерген жоқ. Қазақ мектептерінің білім сапасы жоғары екенін  дәлелдеп бере аламын. Ал ата-ана қай тілдегі тәрбие мен білімді таңдайды, бұл - олардың заңды құқығы» деп жауап берді. Болашақта балабақша атаулының дені қазақ тілді болатынын ынтамен түсіндіріп жатқан ол осыдан кейін сөзден тосылып, үнсіз қалды. Бұл ата-аналардың балалары да кейін баласына ана тіліндегі балабақша іздеп сабылмасы анық қой. Бұрын балабақшаға кезекке тек қалалық білім бөлімінде жазылуға болатын болса, қазір ғаламтордың www.egov.kz парақшасындағы «электрондық қызмет» бөлімі және қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жазылуға болады. «Кезекке тұру үшін келген ата-анаға балабақшалар туралы жан-жақты мәліметтер жазылған  тізімді ұсынамыз. Тізімдегі 39 балабақшаның қайсысын, қай тілдісін таңдайды, ата-аналардың өз еркі. Өтініштерін келесі күні-ақ  қалалық білім бөліміне жеткіземіз»,-дейді ШҚО «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Өскемен қалалық №2 филиалының бөлім бастығы Ә.Ниғметжанова.

Кейінгі жылдары қазақтар көп қоныстанып жатқан ЖМК ауданында 1996 -2005 жылдар аралығында бірде-бір балабақша қалмай, ғимараттары жекешеленіп кеткен екен, қазір 4 балабақша жұмыс істеуде. Қазақ тілді «Күншуақта»  13 топ, кезекке жазылған 111 бала бар. Орыс тілді «Радугада» 11 топ,  кезекте - 156 бала. «Балбөбекте» 6 қазақ тілді, 6 орыс тілді топқа барлығы 427 бала, «Балапанда» 10 қазақ тілді, 4 орыс тілді топқа барлығы 500 бала кезек күтуде.  «Күншуақта» топ саны көп болғанына қарамастан, кезек басқалармен салыстырғанда аз екені байқалады. Барлық қазақ тілді 29 топта 1072 бала, орыс тілді 21 топта 832 бала бар. Қазақ тілді топ көп болғанмен де, соған сәйкес бала саны аз.  «Орын жетпейді, қосымша топ ашу қажет» деп талап етіп жүрген ата-ана да жоқтың қасы. Қалай болғанда да, тәлім-тәрбиенің түп негізін қалаушы өздері екенін ата-аналар естен шығармағандары жөн.  Сондықтан тағы да білім саласындағы мамандар пікіріне жүгініп, бұл мәселе ата-аналардың өздерінен ойлы, парасатты тұжырымды талап ететінін ескерте кеткіміз келеді. Санамыз санды сапаға балайды, ал жанымыз не қалайды, соны түсінер кезіміз жеткен жоқ па, осы?

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371