Жұма, 22 Қараша 2024
Алыстағы бауырым 2790 8 пікір 26 Маусым, 2023 сағат 13:51

Ауғандағы өз бауырымыздан айырылып қаламыз!

Қазақстан республикасының

президентті Қасым-Жомарт Тоқаевқа

ӨТІНІШ

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сізден сұрайтынымыз: Қазақстандағы Ауғанстан елінен көшіп келген қандастарымыздың ішінен арнайы коммисия құрып, топқа арнайы мамандарды қосып, Ауғанстанға жіберу қажет.

Ауғанстан Республикасы біздің елден мол астық алып отыр.

Сондықтан да, біздің елдің қандай да бір ұсынысын орындауға мәжбүр.

Біздің елден арнайы коммисия барып, Ауғанстандағы қазақтардың тұрмысымен таныссын, құжат алуына көмектесіп, оларды елге алып келу қажет.

Болмаса, ауған еліндегі өз бауырларымыздан айырылып қаламыз.

Оларды солтүстік облыстағы ауылдарға орналастыруға болады.

Қазірдің өзінде солтүстік облыстардың ауылдық жерлерде халық азайып мектептер жабылып, ауылдар қаңырып бос қалуда.

Ауған қазағы соғысқа, аштыққа, қиындыққа төзген мықты халық олар суыққа да шыдайды, үйренеді.

Ең бастысы — тірі қалады.

Ауған еліндегі қазақтар, елдің қадірін, туған жердің қадірін, бейбітшіліктің қадірін жақсы біледі.

Олар егін егеді, мал бағады өз күндерін өздері көреді, үкіметке салмақ салмайды.

Қазақ еліне адал қызмет етеді.

Сіз туған жерін, елінен безіп Сирияға соғысқа қашқан салафиттер мен бахабистерді де ұшақпен елге алдырдыңыз.

Сіз Ресейдегі соғыстан қашқан жүздеген мың орыстарға шекараны ашып елге кіргіздіңіз, жағдай жасадыңыз.

Сіз Қытай азаматтарын визасыз елге кіруіне рұқсат беріп, қол қойдыңыз.

Сіздің шешіміңізге санаулы азаматтар наразы болғанымен, қазақ халқы жаппай қарсы шыққан жоқ.

Сондықтан да, Ауғанстандағы аштан, соғыстан, қиыншылықтан қырылып жатқан қазақтарды,өз бауырларымызды елге алдыруға ешкім қарсы болмас деп санаймын.

Бұл менің емес, Ауғаныстандағы ондаған мың қазақтың өтініші, аманаты болатын.

Құрметпен Жәнібек Қожық

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314