Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2719 13 пікір 27 Маусым, 2023 сағат 15:06

Тоқаев: «Журналистің басты қағидасы - шындық пен шынайылық»

«Әр заманның айтар сөзі, көздеген мақсаты болады. Қалам ұстаған қауым жеке басының немесе бір топтың емес, елдің мәселесін көтереді. Бұл – өткен ғасырда «Қазақ» газетінің аясында ұйысқан Алаш зиялыларынан бастау алған ұлы миссия», деді, - Президент БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды тапсыру кезінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, аталған міндетті абыроймен атқару үшін әр журналистің бойында ізденімпаздық, жауапкершілік және табандылық болуы қажет.

«Себебі ақиқат жолы – оңай жол емес.

Ал журналистің ақиқаттан айнуға құқығы жоқ. Шындық пен шынайылық басты қағида болуы керек. Яғни, ақпарат арнасы адалдық алаңына айналуға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Ол бүгінде еліміз дамудың жаңа кезеңіне көшкенін де атап өтті. Соңғы бір жылда қолға алынған реформалар саяси жүйені жетілдіріп, тың өзгерістерге жол ашты.

«Мемлекет, медиа және қоғам арасындағы келісім Әділетті Қазақстанның берік іргетасына айналуға тиіс. Бұл келісім ашықтық, сенім және адалдық қағидаларына негізделуі қажет. Әр азамат, әр маман өз ісіне адал болса, қоғамның сенімі артады. Ал сенім мен адалдық – Әділетті қоғамның басты құндылықтары», - деді Президент.

 

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 956
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2459
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 661
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 638