Парламент: Жалған ақпаратқа айыппұл салынады
Парламент жалған ақпаратқа айыппұл салатын заң жобасын қабылдады.
Сенат депутаттары екі оқылымда онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді мақұлдады.
Құжатқа сәйкес, онлайн-платформалардың иелері мен өкілдері “шындыққа сәйкес емес ақпаратты” өшіруге міндетті. Заң жобасына "блогер" мен "инфлюенсер" терминінің анықтамасы, одан бөлек онлайн-платформаларда жарнаманы маркалау міндеттемесі енгізіледі.
Заң сонымен бірге онлайн-платформалардың интерфейстерінде міндетті түрде қазақ тілінде ақпарат болуын қарастырады.
Дереккөзі: Азаттық радиосы
Abai.kz