Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
2514 1 пікір 30 Маусым, 2023 сағат 13:39

Жээнбеков экс-президент мәртебесінен айырылады

Қырғызстан парламентінде елдің бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбековтің экс-президент мәртебесін алып тастау мәселесі көтерілді. 

Егер бұл ұсыныс қабылданса, онда алдыңғы президент Алмазбек Атамбаев секілді барлық иммунитетінен айырылады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, өмір бойы мемлекеттен алатын материалдық көмектен айырылуы мүмкін. Сонымен бірге мемлекеттік резиденцияда тегін тұру, тегін емделу мен күзет қызметінен де шектеледі.

Парламентте бұл мәселені көтерген қазіргі президент Садыр Жапаровтың туған құдасы Ақылбек Тумонбаев.

"Мен қазір "Ала-Арчада" мемлекеттік резиденцияда тұрып жатқан Сооронбай Жээнбековке мемлекеттен бөлінетін қаржыны есептеуді сұрадым. Қазір тек ғана ол емес, оның барлық отбасы мемлекет есебінен өмір сүріп жатыр. Мен бұл мәселені көтеремін, тиісті заң жобасын әзірлеймін, мемлекет басшысынан оның экс-президент мәртбесін алып тастауды сұраймын" – деді Тумонбаев.

Тумонбаевтың бұл ұсынысын әріптесі Жанар Ақаев қолдауға дайын екенін жеткізді.

Қазір Қырғызстанда бұрынғы ел басқарған азаматтардан тек екеуінде ғана экс-президент мәртебесі барү Олар - Роза Отынбаева мен Сооронбай Жээнбеков.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963