Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
2114 1 пікір 30 Маусым, 2023 сағат 13:46

Гүлмира Сатыбалдыға сот үкім шықты

Сурет: Әлеуметтік желіден

Қызылорда облысының сотында Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, Сатыбалданың ықпалымен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС 2018 жылдың күзінде Сырдария өзенінің сол жағалауына жылу желілерін тарту бойынша тендерді жеңіп алған.

Қылмыстық әрекеттерімен Гүлмира Сатыбалды кәсіпорын басшысымен бірлесіп, 441 миллион теңгені жымқырған.

«Гүлмира Сатыбалды бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін ысырап ету немесе жымқыру бойынша кінәлі деп танылсын. Гүлмира Сатыбалды мүлкі тәркіленбей, сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын», - деді судья.

Сот сонымен бірге Сатыбалдыны 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырды.

Гүлмира Сатыбалды деген кім?

52 жастағы Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Ол жайлы жалпы ақпарат аз: 2005 жылға дейін мамандығы мұғалім болған. Қайрат Сатыбалдыға тұрмысқа шыққан. Гүлмира мен Қайрат Сатыбалдының үш баласы бар (ұлы Бауыржан мен екі қызы Аружан мен Дария).

Бұрынғы күйеуі Қайрат Сатыбалды 2022 жылы наурызда бизнесті басып алды деген күдікпен қамауға алғаннан кейін бірнеше күннен кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыны да ұстаған. Прокурордың айтуынша, тергеу барысында ол Қазақстаннан қашып кетпек болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963