Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2361 0 пікір 1 Шілде, 2023 сағат 11:22

Алматы облысында «Agro-Business Forum Assy-2023» форумы өтті

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Асы жайлауында ауыл шаруашылығы форумы өтті. Іс-шара барысында өңір шаруалары, кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы өнімдерінен көрме жасады. Мұнда түйенің кептірілген сүтінен бастап, малдың жем-шөбі, минералды, органикалық тыңайтқыштарға дейін бар. 

Көрмені тамашалаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев көпшілік алдында сөз сөйлеп, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолға алынған шаралар жайлы айтты. Ең алдымен ол жұртшылықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл халқының табысын арттыру мақсатында облыс бойынша 8,3 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражатты тиімді пайдалану үшін әр өңірдің ерекшелігіне сәйкес ауыл шаруашылығы саласын дамытуымыз қажет. Ендігі жылы бұл бағдарламаға 14 млрд теңге қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр. Облыс бойынша төрт түлік малдың 65%-ы 133 жайлауда жайылады. Жайылымдар туралы заңға сәйкес, 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары бойынша әр аудан әкімдігі жұмыс жасап жатыр», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ форумда аграрлық салада бірнеше жыл еңбек еткен бірқатар маманға «Құрметті азамат» атағы және «Алғыс хаттар» табыс етілді.

Жайлауда ұлттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321