Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Билік 3146 0 пікір 1 Шілде, 2023 сағат 20:02

«Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттары жарияланды

Телевизиялық шеберлік саласындағы «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық бәйгесі 12 номинация бойынша байқау өткізеді.

Байқаудың басты мақсаты - кәсіби қоғамдастықтың бағалау призмасы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияны дамытуды ынталандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін көрсету.

2023 жылы бәйгеге қатысы үшін 300-ге жуық өтінім келіп түсті, ең көп өтінім «Үздік тележүргізуші», «Үздік тележурналист», «Үздік әлеуметтік жоба» номинациялары бойынша қабылданды. «Тұмар» ұлттық байқауына республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар қатысты.

Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынайды.

Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері сыйлықтың прайс-листіне енген 48 үміткерді жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, «Тұмар» ұлттық бәйгесінің марапаттау рәсімі 2023 жылы 4 шілде күні Астана қ. «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында өтеді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 602
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2599
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2378
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1461