Бүгін – Астана күні
Бүгін Қазақстанда Астана күні аталып өтіп жатыр. 1998 жылғы 6 мамырда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. 10 маусым ресми Астана күні болып бекітілді. Мереке 2008 жылдан бастап экс-президенттің туған күніне – 6 маусымға ауыстырылды.
2019 жылғы 20 наурызда Астанаға Нұр-Сұлтан атауы берілді. 2022 жылы 17 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бірнеше рет атауын өзгерткен бас қалаға бүгін 25 жыл толды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы әлемдік саясаткерлердің бейбітшілік алаңы деп атайтынын жеткізді.
«Елорда геосаяси аймағымыздың маңызды орталығы ретінде дами беретініне сенімдімін. Астана – кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар келуге ұмтылатын жас әрі өршіл қала. Елорда қазірдің өзінде талай жастың өміріне қадам басқан. Бүгін Астана – әрбір азамат өз әлеуетін іске асыра алатын, мансап құра алатын, идеялары мен армандарын жүзеге асыра алатын зор мүмкіндіктер қаласы», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ елорда күніне орай Астана қаласында бірқатар іс-шаралар өтіп жатыр.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz