Сенбі, 23 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 2578 4 пікір 10 Шілде, 2023 сағат 12:13

Киев экс-президент Назарбаевқа өкпелі ме?

Украиндардың Тұңғыш президентке деген өкпесі қара қазандай. Жаңа Қазақстан орнағалы иммунитеті әлсіреген Назарбаевты атақ-марапатынан айыру үрдісі жалғасын табуда, - деп жазады DALA INSIDE.

Киев идеологтары түрлі кезеңде Әбішұлының кеудесіне таққан орден-медалдарды кері қайтаруды ойласа бастаған.

Соғыс басталғалы украин қоғамының ой-санасында күрделі өзгеріс жүрді. Халық дос пен дұшпанды айыра алмаған осыған дейінгі орысшыл биліктің шешімдерін қайта қарауды талап етуде. Соның ішінде - төсбелгі мәселесі де тыс қалмақ емес.

Назарбаев Украинаның бірқатар мәртебелі наградасымен марапатталған. Алғашқысын 1997 жылы Кучманың қолынан алды. «Екі ел арасындағы достық пен әріптестікті дамытуға сіңірген еңбегі үшін» кнәз Ярослав Мудрый атындағы І дәрежелі төсбелгіні кеудесіне тақты.

Экс-президенттің кеудесін көмкерген салпыншақтардың арасында «Еркіндік» (Свободи) орденінің орны бөлек. Мұны 2010 жылы 70-ке толарда әзір Ресейде бой тасалап жүрген Виктор Януковичтің қолынан алды.

Ескерту: «Еркіндік» ордені шетел басшыларының кеудесіне тағылатын ең беделді марапат. Онымен терезесі тең деуге тұрарлық награда кемде кем.

Бұл орденмен әдетте Украинаның егемендігі мен тәуелсіздігін бекітуге айрықша үлес қосқан, демократияға дем берген, сөз бостандығы мен адам құқығы үшін талмай тер төккен тұлғалар награтталады.

Украин қоғамының ашу-ызасын туғызып отырған да осы жайт. Назарбаев аталған критерийлердің бір де біріне сай келмейді. Майдандағы халықтың тегеурініне төтеп бере алмай, Ресейді паналауға мәжбүр болған Янукович Назарбаевты орденге ұсынарда ілгерідегі принциптердің бір де бірін есепке алмаған…

Киев идеологтары мен украин қоғамының мұндай әділетсіздікке көнгісі жоқ. Ел басқарған тұста Қырымға қатысты позициясын нақты айқындай алмаған Назарбаевты атақ-даңқынан айыруға бекіп отыр.

Экс-президент 2013 жылғы Еуромайданды төңкеріске теңеген болатын.

«Еркіндікке ұмтылған украин халқының көңілінде дік қалды. Назарбаевтың сол бір сөзі айналып алдынан шықты. Одан бері де Киевтің көңіліне тиген бірқатар мәлімдеме жасап, Ресейдің ыңғайына жығылды. «Украинада ұлттық тұтастық жоқ…» дей келе, Путин пропагандасының риторикасын қайталады. Назарбаевтың кеудесіне таққан төсбелгілерді қайтару шешілген мәселе», - дейді бұл ретте DALA INSIDE дереккөзі.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371