Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2025 5 пікір 11 Шілде, 2023 сағат 13:00

Сауалнама: Путинге кім сенеді?

Ресей президентінің әлем халықтарының арасында абыройы жоқ. Мұны халықаралық Pew Research зерттеу орталығы сауалнамасының қорытындысында айтады.

Pew Research әлеуметтану компаниясы әртүрлі континенттегі 24 елдің тұрғындарына сауалнама жүргізіп, олардың көпшілігінің Владимир Путинге теріс көзқараста екенін анықтаған. Олардың қатарына, Бразилия, Оңтүстік Африка және Аргентина секілді елдер кірген.

24 мемлекет бойынша Путинге сенбейтіндер орташа есеппен 82% құрады. Осы елдердің ішінде тек екеуі ғана Үндістан (59%) және Индонезия (43%) халқы Путинге көбірек сенім артады екен.

Дегенмен Путинге теріс көзқарасты үнділер саны соғыс басталған соң өсе түскен. Мысалы, 2019 жылы Ресей басшысын жақтырмайтындар үлесі 13% болса, қазір 30% -ға жеткен.

Путинді қолдамайтындар санынан Еуропа елдері алда. Польшада - 98%, Францияда, Германияда, Испанияда, Швецияда- 82% - дан 96% - ға дейінгі аралықта. Грекия елі бұл көрсеткіштен төмен -66%.

Бразилияда сауалнамаға қатысқандардың 77% -ы, Оңтүстік Африкада 50%-ы Путинге сенбейді.

Сауалнамаға қатысқан әлем халықтарының Украина президенті Владимир Зеленскийге деген көзқарасы жақсы. Орта есеппен 51%-ы украин көшбасшысына сенеді, ал Путинге тек 11% сенім білдірген.

Еуропа елдерінің ішінде Венгрияның Зеленскийге деген көзқарасы нашар, өйткені елдің Виктор Орбан бастаған басшылығы Украинамен бұрыннан қақтығысып келеді. Венгрлердің 11%-ы ғана Зеленскийге сенім білдірген.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394