Сенбі, 23 Қараша 2024
Әліпби 2003 4 пікір 17 Шілде, 2023 сағат 11:29

Бір ұлт – бір жазу үшін күресейік!

Сурет: Әлеуметтік желіден

Англо-сакс және ханзулардың әлемдік рухани-мәдени жаулауы

Қытайдың пішпек жазуы мен ағылшынның QWERTY-і ертеден-ақ әлемді өзіне бағындыруға дайындалған алыстан болжанған стратегия мен тактикалары екенін біле бермейміз. Бәленбай мың пішпегі бар ханзу QWERTY терімі арқылы өз мәдениетін таратып жатыр. Одан құтылудың жолы әр ұлттың дүниетанымы мен ділі-дініне негізделген сауатты аударма.

Көптеген елдерде Чайнтауын бар, әрі ағылшынша білім алған ұлттық зиялылар корпусының қаңбақ күштері бар. Орта Азия осы экспансияға ұшырай бастады. Орыс әлемі кеткенімен оның орнын Орта Азияда кім басады? Әзірше әлем бойынша осы екі алып күшпен күресіп жүрген – жалғыз Ердоған ғана.

Біз қалай күресеміз? Қытайдағы өз ата қонысында отырған қазақты қалай сақтап қаламыз? Оларды сақтаудың жалғыз жолы – екі ел қазақтары арасында саясат араласпайтын ұлттық медиа кеңістік құруға қол жеткізу. Ол Шығыс мәдениетінің Буддалық бұтағы Қытай, Жапонды әм Кәрісті мәдени қырынан қазаққа танытуға бағыт ұстануға тиіс. Осы елдердің ілім-білімі мен бұқаралық әдебиеті рухани тұнығымызды лайлай бастаған Батыс пен АҚШ діліміз бен дінімізге жат таным-түсінігінен арылту үшін өте керек-ақ.

Басты күрес жазуға келіп тіреледі. Орыс тілділер де, қазақ тілділер де ылатын жазуына көшу керек. Ортақ жазу үшін қазіргі орыс кіріліндегі 33 әріптік әліпбиінен

Ё ё ио

Й й

Ц ц    тц

Ч ч    тш

Щ щ шш

Ъ ъ жуандықты таныту

Ь ь    жіңішкелікті таныту

Ю ю  иу

Я я   иа сынды тоғыз әріптің көзін жойсақ, 22 әріп қана қалады. Оның ішінде қазақ сөйлеу тілінде жоқ э, ф, в және х бар. Оларды жеке бөлетін болсақ, 18 әріп пен дыбыс қана қалады. Оған өзіміздің ә,і,ң,ғ,ү,ұ және қ енгізер болсақ көп нәрсе ұтамыз.

Й мен И бір таңбамен жазылады деген түсініктен соң,

Ё ё ио

Ц ц    тц

Ч ч    тш

Щ щ шш

Ю ю  иу естілуі бойынша жазылады деп ереже жасасақ, Путин бізді тапаншамен атып тастамайды. Осы әліпбиге орыс тілді қандастарымыз бен отандастарымызды тартып, тілің бөлек болғанмен, жазуың бір болу керек дегенді саналарына құюға тиіспіз. Бұған ұлтшылдығы бізден де артық орыс тілді қандастарымыз өз үлесін еселеп қосады.

Қазіргі кіріл жазуында құмық ағайындар біздің қ-ны, қосар әріп кь деп жазып жүр. ағылшынның QWERTY-і бойынша дауыстыларымыз: ә-aa, і-i, ү-uu, ұ-u және ө-oo деп жазар болсақ, әліпби танытқанда а-ә, о-ө және ұ-ү жұптарының айтылуы мен жазылуын жеке оқытатын болсақ көп нәрсе ұтамыз.

Одан кейін ш-c қ-q ғ-х қосар ж-zh ң-ng немесе gh (ғ) бір ізге түссе бүгінгі түрлі нұсқадағы WORD бағдарламасы мен кәміптік сербістер оқымайтын төбесі ісіп, аяғы сынған әріптік ала құлалық болмайды.

Ылатын жазуына барша қазақстандықтар көшуі керек. Олай етпесек еліміз қаққа бөліну қауіпі алдында тұр! Бір ұлт – бір жазу үшін күресейік!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489