Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2595 16 пікір 20 Шілде, 2023 сағат 14:38

Сарапшы пікірі. Орталық Азия тұрақты аймақ па?

Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Александр Воробьев соңғы кездегі мемлекеттік төңкерістер мен саяси жағдайлар негізінде Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықтың критерийлерін және тұрақсыздықтың ықтимал себептерін атады.

Түрікменстан: Саяси көтерілістерді болдырмау елдегі иерархиялық құрылымға негізделген күшті әскери аппараттың мойнында. Сондай-ақ елде төмен, бірақ тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптасқан. Билікті титулды тайпа Текеден шыққандар алған. Өңірлерді қаржыландыру орталықтандырылған.

Мемлекеттік төңкеріс әрекеті туралы соңғы жаңалықтарды «елдің барлау агенттіктері қолдан жүргізген» деп сипатталады. Тұрақсыздық тек рулық бөлінушіліктен туындауы мүмкін.

Өзбекстан: Билік транзитінің сәтті жүзеге асуы елді тұрақсыздықтан сақтады.

Қазақстан: Саяси төңкерістерді болдырмау кәсіби әрі тәртібі мықты қауіпсіздік күштерінің жауапкершілігінде. Тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін жағдайлар: Билікке бәсеке екі полюстің (Тоқаев пен Назарбаевтың жақтастары) болуы, халықтың аз қамтылған топтарының наразылығы мен белсенділігі, сондай-ақ сәтсіз билік транзиті. Сонымен қатар, 2022 жылғы қаңтардағы наразылықтар кезінде қауіпсіздік күштерінің сылбыр әрекеті толқулардың қыза түсуіне мүмкіндік берді.

Қырғызстан: Тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін жағдайлар: Елдің солтүстігі мен оңтүстігі арасындағы саяси, экономикалық және этно-әлеуметтік айырмашылықтар, билікке бәсекелес тараптардың болуы, қауіпсіздік күштерінің әлсіздігі, сондай-ақ халықтың аз қамтылған топтарының наразылығы мен белсенділігі. Елдегі революциялар мемлекетті күйретпейді деп сипатталады.

Тәжікстан: Тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін жағдайлар: Билік транзитінің нақты моделінің болмауы және сырттан ықпал етуші күштердің болуы, оның ішінде радикалды исламистер мен көрші Ауғанстан аумағындағы экстремистік топтардың жақындығы. Елдегі саяси тұрақтылық Ресей мен Қытайдың қаржылық қолдауына байланысты.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385