Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Билік 1803 0 пікір 22 Шілде, 2023 сағат 11:53

Бүгінгінің батырларын арқау ететін “Қаhарман” сериалы жарыққа шығады

Соңғы жылдары елімізде сериал өндірісі, креативті индустрия дамып жатқанын білесіздер. Бізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналарға сатып алуда.

Сондай фильмнің бірі - қалтарыстағы қаһарманды, тасадағы тұлғаны, арамызда жүрген бүгінгінің батырларын арқау ететін “Қаhарман” атты телеөнім. Мемлекет басшысы тапсырғандай қарапайым еңбек адамын насихаттауды мақсат еткен телесериалдың басты кейіпкері - өткен жылы ғана тілсіз жаумен арпалысып, үш адамның өмірін құтқарған, өкінішке орай, өзі ажал құшқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин.

Алапат өрт кезінде опат болған батыр бауырымыздың бейнесін көрсететін, сол арқылы жалпы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жанқияр ерліктері һәм ерен еңбектерін шынайы суреттейтін телесериал нақты деректер арылы өрбиді.

Бүгін Астана қаласындағы түсірілім алаңына барып, шығармашылық топпен кездестім.

Бұл жерге Асқардың жұбайы Анель мен қыздары Адия, Дамина да келген екен, олармен әңгімелестік. Анель сериалдың сценариіне көңілі толатынын айтты.

Министрліктің қолдауымен “Bas production” компаниясы түсіріп жатқан сериал бұйырса қыркүйек айында “Astana” арнасынан көрсетіледі. Түсірілім тобына сәттілік тілейміз!

Дархан Қыдырәлі,

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Abai.kz

0 пікір