АҚШ сенаторы: «Қазақстанға қатысты Джексон-Вэник түзетуін жояйық»
Америкалық сенатор АҚШ Конгресмені Джексон-Вэниктің Орталық Азияның үш еліне қатысты енгізген түзетулерін алып тастауға шақырды. Бұл түзету 1974 жылы "қырғи-қабақ соғыс" кезінде бірқатар елдерге қатысты қабылданған. Ол елдердің ішінде Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан бар.
Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеттің мүшесі, сенатор-демократ Крис Мёрфи (Chris Murphy) 26 шілдеде "Дипломат" журналына мақала жариялап, "Джексон-Вэник түзетулерін жою Орталық Азиямен тұрақты және қалыпты қатынасты қамтамасыз етеді" деп атап өткен.
Ол геосаяси жағдайлардың өзгеріп жатқанына байланысты АҚШ үкіметі Орталық Азиямен қарым-қатынасты кеңейтуі тиіс деп есептейді. Себебі, АҚШ сырттай бақылап отырғанда, Ресей мен Қытай Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанға ықпалын күшейтті дейді.
"Өкінішке қарай, қазір қарым-қатынасқа дамуға кедергі болып жатқан федералды заң" деген.
1974 жылы конгрессмен Генри Джексон мен Чарльз Вэник Кеңес Үкіметімен сауда-саттықты шектейтін Заңға түзетулер енгізуді ұсынады. Демек, сауда үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалмайды, мемлекеттік несие мен несие кепілдіктеріне тыйым салынады. АҚШ-тан импорталатын тауарларға тиімсіз тарифтер мен алымдар қосылады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері осы Джексон-Вэник түзетулерін алып тастау жөнінде бірнеше мәрте ұсыныс жасалған.
Дереккөз: centralasian
Abai.kz