Cирия бұлғақ пен сергелдең еліне айналды
Сирия Араб Республикасы Таяу Шығыста орналасқан мемлекет. Ливан және Израйльмен оңтүстік-батыста, Иорданиямен оңтүстікте, Иракпен шығыста және Түркиямен солтүстікте шекараласады.
БҰҰ мәліметтері бойынша Сирия халқының саны 2011 жылы 20,8 млн адамға жеткен. 15 жастан асқан сириялықтардың сауаттылығы ер адамдарда 86 пайыз, ал әйел адамдарда 73,6 пайызды құраған. Этникалық құрамы бойынша 90 пайызы арабтар, 9 пайызы күрдтер. Елдегі жұмыссыздық 2005 жылы 20 пайызға жеткен.
Сирия Араб Республикасы Таяу Шығыста орналасқан мемлекет. Ливан және Израйльмен оңтүстік-батыста, Иорданиямен оңтүстікте, Иракпен шығыста және Түркиямен солтүстікте шекараласады.
БҰҰ мәліметтері бойынша Сирия халқының саны 2011 жылы 20,8 млн адамға жеткен. 15 жастан асқан сириялықтардың сауаттылығы ер адамдарда 86 пайыз, ал әйел адамдарда 73,6 пайызды құраған. Этникалық құрамы бойынша 90 пайызы арабтар, 9 пайызы күрдтер. Елдегі жұмыссыздық 2005 жылы 20 пайызға жеткен.
Өзінің тәуелсіздік алған жылдарынан бастап Сирияда 14 әскери төңкеріс болған. Сунниттік ұлтшылдар алауиттерге өз мемлекетін құруға жол бермеді, ал өз кезегінде алауиттер өздеріне бүкіл Сирияны алды. Панарабизм өте ыңғайлы қару, себебі панарабизммен сунниттер алауиттерді жаулап алды. Ал алауиттер осы қарумен бүкіл Сирияны жаулап алды.
1960-70-жылдары сириялық алауиттердің елдегі орнының өзгеруіне әкелді. Алауиттердің қатарынан шыққандар Сириядағы мемлекеттік-партиялық зиялы қауым құрады. Бірақ та алауиттерге қарсылық көрсеткен сунниттік көпшілік алауиттерді басқа елдердегі (Ирак, Ливан, Иран) алауиттермен тығыз қарым-қатынас құруға мәжбүрледі. Осы қатынастардың орнауына тағы да себеп ретінде, елдегі антибааситтік оппозицияның («ағайынды-мұсылмандар») әрекеттері, Сирия-Ирак қарым-қатынасының күшеюі, сондай-ақ Сирия мен Иранның бірлігі болды. Хафез Асад елде Жоғарғы Джафариттік Рухани Кеңестің құруы елдегі алауиттердің 12 имамның жолын ұстанушы шииттік қоғамның бір бөлігі екенін көрсетті. Алауиттік қоғам жаңа статус алып, олардың мемлекеттендірілуі басталды.
Алауиттік офицерлердің билікке ұмтылысы басқа этно-конфессионалдық қоғам өкілдерімен қатыгез текетіресте дамыды. Осы текетіресте алауиттердің басты қаруы ретінде ішкі бірлік пен бааситтік партиямен бірлігі болды. 1963 жылдың наурызында ПАСВ (немесе БААС) билікке келуі алауиттік офицерлердің билейтін күшке айналуына себеп болды.
1999 жылы Хафез Асад қайтыс болғаннан кейін, билікке 34 жастағы дәрігер-офтальмолог Башар Асад ойламаған жерден келді. Әкесі Хафез Асадтың орнын үлкен ұлы, Башардың ағасы, сол кезде атақты саяси және әскери тұлға болған Басел Асад алуы керек еді. Бірақ та әкесінен бірнеше жыл бұрын қайтыс болып кеткен Басел Асадқа тақтағы орын бұйырмапты. Башар Асадтың билікке келген кезінен бастап Сирияда Иран мен Ресейдің әсері қатты болды.
Сириялық Тартус портында РФ ӘТФ орналасқан. Сондай-ақ бұл Ресейдің Жерорта теңізіндегі соңғы базасы. Азаматтық соғыс болсын, халықаралық соғыс болсын, оның әрқашанда себебі болады. Сириядағы себеп – геосаяси себеп. Сирия – Түркия, Ливан, Ирак, Израйль мен Иорданияның ортасында орналасқан аса маңызды плацдарм. Друздық әскери лидер Салим Хатум мынадай ой айтқан: «сектанттық және трайбалистік әсерлердің тарауынан Сирияға азаматтық соғыс қаупі төніп тұр».
2011 жыл «араб көктемі» басталды. Бастауын Тунистен алған көтерілістер тізбегі араб елдерін бірінен кейін бірі жаулады. Бір уақытта бірнеше араб елін шарпыған бұл көтеріліс жемісін тез берді. Тунисте абсолютті көсем Бен Алидің биліктен аластатылуы, Египетте Хосни Мүбарактың да кетуі, Ливиядағы Муаммар Каддафидің өлтірілуі, Йемен президенті Али Абдалла Салехтің өз еркімен кетуі араб «көктемінің» иісін Сирияға да жеткізді. Алғашында тек үкіметке қарсы акция болып басталған митинг, кейін келе азаматтық соғысқа ұласты. Ең алғашқы толқулар 2011 жылдың 26 қаңтарында басталды. Кейіннен 15 наурызда жаппай наразылық шерулердің басталуына келді. Бұл шерулер ел президенті Башар Асадқа қарсы бағытталған бүкілхалықтық көтеріліске алып келді.
Таққа отырған Башар Асадтың қолында әлсіз экономика, жемқорланған үкімет аппараты, халқының негізгі бөлігінің мүшкіл халі, тұрақсыз саяси жүйе мен әлсізденген ұлттық идеология қалды. Президенттік таққа отырғалы бері, Сирияны АҚШ халықаралық террорды қолдайтын мемлекеттердің қатарына кіргізді. Мемлекеттің сыртқы қарызы 18-19 млрд АҚШ долларын құрады. Елдегі билік баастық партияның қолында болды. Бұл партияның негізгі тірек күші болып алауиттер есептеледі. Олар жалпы халық санының 10 пайызын құрайды. Суннитік арабтар елдегі билікке араластырылмады. Осының барлығы қазіргі Сириядағы жағдайдың себебі. Халық санының артуы мен көзі ашық жастардың наразылық күйлері, мыңдаған адамның көшеге, шеруге шығуына алып келді. Наразылық танытушыларға қару көтерген мемлекеттік әскердің әрекеттері елдегі азаматтық соғысқа алып келді. Сириядағы азаматтық соғыстың басталуына шетелдердің де қатысы жоқ емес. Түркия, Франция, Сауд Арабиясы, АҚШ, Катарда сириялық оппозиция өкілдеріне қызу түрде қолдау жүргізіліп жатыр. Сириядағы оппозициялық армияны қаржыландырып та, жабдықтап та отырған осы елдер. Оппозициялық армия қатарында шетелден келген, «Ағайынды-мұсылмандар», «Таухид», «әл-Каида», «Талибан» қозғалысы сынды халықаралық ұйымдардың сарбаздары көп. Бұл елдердің Сириядағы жағдайды мұқият бақылауының да сыры көп. Біріншіден, осы аймақта Иран, Ресей, Қытай сынды алып державалардың ықпалы үлкен. Екіншіден, елдегі биліктің барлық тетіктері алауиттердің қолында. Үшіншіден, елдегі күрдтердің жағдайы. Төртіншіден, Сириядағы билікке батысқа көзқарасы оң адамдардың келуін ұйымдастыру. Осындай факторлардың барлығы дерлік Таяу Шығыстағы Сирия мәселесіне басқа елдердің араласуына алып келді.
Ал енді Башар Асадты қолдайтын топқа оралсақ. Б.Асадтың режимін бірнеше әскери дивизия, жабдықталған алауиттер, полиция мен арнайы агенттіктер қолдайды. Бұл жерде тағы да шабиха топтарын айтып кетуге болады. Бұл топтар негізінен, алауиттерден тұрады. Бұл топтар Хафез Асадтың кезінде режимнің тірегі ретінде құрылған. Бұл топтардың жұмысын Хафез Асадтың інісі Джамиль қадағалаған. Ал қазір Джамильдің ұлы Фуаз басқарады. Шабиха жақсы дайындалған және жабдықталған. Қазіргі кезде Башар Асадтың ең негізгі тірегі болып отыр. «САТ» – бұл Ливиядағы ҰУК қатарындағы сарбаздардың аналогы. 2013 жылдың 19 наурызында сириялық оппозиция өкілдері премьер-министр лауазымына Хасан Хитоны тағайындады. Оппозиция өкілдерінің 50-нен 35 дауыс жинаған бұл адам, АҚШ-та бизнеспен айналысады. 2012 жылдың қазанында Сирия президенті Башар Асад Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглумен кездесу барысында мынадай мәлімдеме жасаған: «Егер Дамаскіге қарсы НАТО әскерінің шабуылы басталса, маған Голан жоталарына жүздеген ракетаны орналастыруға және оны Тель-Авивке бағыттауға 6 сағаттан артық уақыт қажет емес». Сонымен қатар Сирия президенті Б.Асад оның үндеуіне Ливандағы «Хезбалла» қосылып, Израйльге ракеталық шабуыл жасайтынын мәлімдеді. «Осы жоғарыдағы айтылған жағдайлар 3 сағат ішінде болады, ал келесі 3 сағат ішінде Иран Парсы шығанағында НАТО-ның әскери кемелеріне шабуыл жасайды. Бұл АҚШ пен ЕҚ бір уақытта жасалған шабуыл болады» деп Б.Асад мәлімдеді.
Башар Асадтың ресейлік «Russia Today» телеканалына берген сұхбатында: «Сирияда азаматтық соғыс емес, терроризмге және оны сырттан қолдап отырған күштерге қарсы соғыс жүріп жатыр» деді. Ал түркиялық «Джумхуриет» газетіне берген сұхбатында Сирия президенті Башар Асад: «Егер де мен жаман мақсаттармен креслода отырған болсам, онда Американың бұйрықтарын орындап отыратын едім, ақшаның артынан жүгіретін едім, өзімнің ұстанымдарым мен ұлттық мүддемнен бас тартып, Сирияның территориясында Американың «ПРО» системасын орнатар едім» деген еді.
Екі жыл бойы болып келе жатқан Сириядағы соғыстың салдары орасан зор. Біріншіден, елдің экономикасы одан бетер құлдырады. Екіншіден, 70 мыңнан астам адам қаза тапты. Үшіншіден, 1 миллионға жуық сириялықтар үй-күйсіз қалып, басқа елдерде босқын болып жүр. Төртіншіден, Сирияның халықаралық аренадағы абыройының түсуі. Елдің құлдыраған экономикасына 2 жылдық азаматтық соғыс 80 млрд АҚШ долларына тең шығын әкелді. ЮНЕСКО-ның тарихи мұраларына кірген, ортағасырлық өркениеттен қалған Дамаскідегі базар мен Омейядтар мешітін қиратты. Бұл тек Сирия халқына емес, бүкіл әлемдік мәдениетке алып келген зардап. Миллионға жуық адамын әр елге тарыдай шашып жіберді. Елді 40-50 жылға артқа тартты. Халықтың бірлігі жоғалды. Елдің болашаққа деген сенімі мен үміті қалмады. Өз елін халықаралық соғыс аренасына айналдырды.
Бастауын 2011 жылдан алған «араб көктемі» ақыр аяғында Сирияға тоқтады. Елді 40 жыл бойы басқарған алауиттер династиясының бәлкім, соңғы күндерін көріп тұрған шығармыз. Бұл көтерілістің басталуы бір ғана жағдайдың әсерінен болмады. 40 жылдан бері жинала беріп, 2011 жылы өз шегіне жетті. Елдегі билікке қорғаныс министрі болған Х.Асадтың төңкеріс арқылы келуін алғашында халқы үмітпен қарсы алды. Бірақ та әскери ойда болған Х.Асад елдің жағдайын көтеруден бұрын, КСРО-дан тек қана қару-жарақ сатып алумен айналысты. Елдің экономикасы орасан зор шығынға кірді. Одан қалса, 1982 жылғы «Ағайынды-мұсылман» ұйымының көтерілісін аяусыз басып, өзіне фундаменталистерді қарсы қойды. Елдегі билік тек қана алауиттердің қолында болды. Қазіргі таңда Сирияда 2,5 млн күрдтер өмір сүреді. КСРО құлағанға дейін күрдтік зиялы қауым өкілдері дәрігер, фармацевт, құрылысшы, заңгер болып істеді. Билікке БААС келгеннен бастап, күрдтердің құқықтары мен бостандықтары еленбеді. 1962 жылдың қазанында Сирияда шұғыл түрде халықтық санақ басталды. Және күрдтік ауданда тұрып жатқан соңғы 10 жыл салық есепшотын көрсетпеген күрдтер Сирия азаматтығынан айырылып, тек Сирияда өмір сүруге рұқсат беретін қағаз алды. Азаматтығы болмағандықтан, күрдтерге медициналық, әлеуметтік жеңілдіктер көрсетілмеді. Елдегі күрдтердің құқығы қорғалмады. Халықтың жағдайы еш өзгермеді. Баяғыдай сыртқы қарыз өсе берді, билік Ресейден қару-жарақты ала берді. «Араб көктемін» ХХ ғасырдың ортасында болған ұлт-азаттық көтерілістеріне теңеуге болады. Бірақ ол кезде басқыншыларға қарсы болса, қазіргі кезде «диктаторларға» қарсы болды. Басқа араб елдерінің абсолютті көсемдерінің тақтан аластатылуы, басқа елдердегі көтерілістің нәтижелері Сирия халқына да жаңа үміт сыйлады. Өз халқына қару көтерген басшының билікте көп отырмауы ғажап емес. Қазақ айтпақшы, «елім дейтін ерің болмаса, ерім дейтін елің болмас».
Abai.kz