Жұма, 22 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 2867 11 пікір 18 Тамыз, 2023 сағат 14:26

Миттал үшін тірі қазақтың да, өлі қазақтың да құны жоқ...

Күні кеше «АрселлорМиттал Теміртау» иелік ететін Қарағанды облысындағы «Қазақстан» көмір шахтасында өрт болып, 227 кенші жер астында қалып қойды. 2 кенші қайтыс болды, 3 кенші ізделіп жатыр, 13 кенші зардап шеккен. 222 жұмысшы жер бетіне шығарылып, құтқарылды.

Үнді кәсіпкерінің қолындағы «АрселлорМиттал Теміртау» компаниясы иелік ететін Қарағанды облысындағы металлургия комбинаты мен көмір өндіретін шахталарда жарылыс та көп, адам өлімі де көп.

Былтыр Ленин атындағы шахтада жарылыс болып, салдарынан бес адам қаза тапты. Төртеуі жараланып, метаннан уланды.

2021 жылы Абай шахтасында апат болып, көмір мен газға тұншыққан алты кенші қаза тапты.

Миттал Лакшми басқарған 16 жылда Теміртауда 100-ге жуық жұмысшы қаза тапқан.

2022 жылы президент Тоқаев жиілеп кеткен адам өлімінен кейін:

«Өкінішке қарай, «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиілеп, қайталана беретін жағдайға жетті. Бұл – биыл адам өліміне алып келген екінші қайғылы оқиға. 2006 жылдан бері металлургия комбинатында 20-дан астам апат болып, 100-ден аса азамат қаза тапты.
Осыған орай жедел түрде қатаң шаралар қабылдауға тура келеді. Мен бұл жөнінде жуырда Қарағандыда сөйлеген сөзімде ескерттім. Кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізу керек. Соның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының сақталуына мән берілуге тиіс. Комбинаттың иесі техникалық жағдайды жақсартуға және жаңғыртуға жеткілікті дәрежеде инвестиция құйғанын анықтау маңызды. Бәлкім бұл жұмысқа зауыттың жағдайына шынайы баға беретін халықаралық компанияны тарту керек шығар. Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін барлық қажет шараны қабылдау керек. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі», – деген болатын.

Дегенмен біздің билік бұдан сабақ алмағанға ұқсайды. Содан бері талай уақыт өтті. Бірақ Теміртаудағы апат азайған жоқ, керісінше үдей түскен.

Тоқаев бұл жолы тағы да ескерту жасады. Үкімет басшысына осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөз жүргізуді тапсырды. Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.

«Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді»,-деді президент.

Ендеше алдағы күндері Митталға қатысты қатаң шешім шығады деп күтеміз. Жаңа Қазақстан оған шығар есікті нұсқауы тиіс...

 

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5244