Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1908 0 пікір 23 Тамыз, 2023 сағат 18:27

Нұргүл Тау: Алматыдағы паллиативтік орталықтың жағдайы мүшкіл

 


Мәжіліс депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Тау Алматы қ
алалық паллиативтік орталығына барды. Депутат аталған мекеменің жұмысымен танысып, ұжымыменкездесті. Онда орталықтың көптен бері шешілмей келе жатқан кешенді мәселелері талқыланды.

Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру қажет. Техникалық қызметкерлердің жалақысы өте төмен. Алматы қаласының паллиативтік орталығында ауыр науқастарды тасуға көмектесетін арнайы құрылғылар жоқ. Ер кісілердің медициналық процедуралардан өтуін, киімдерін ауыстыруын, көтеріп-отырғызуын қыз-келіншектер атқарады, – деді Нұргүл Тау.

Депутаттың айтуынша, паллиативтік орталықтың ғимараты әбден тозған. Мұндай мекемелерге қойылатын талаптарға толық сәйкес келмейді және күрделі жөндеуді қажет етіп отыр. Дәліздер тар, инженерлік желілері мен коммуникацияларын жаңғырту керек. 2016 жылға жоспарланған паллиативтік орталықтың жаңа ғимаратының құрылысы жоба түрінде қалды, 2019 жылы ЖСҚ мерзімі аяқталған.

Қазір ЖСҚ жұмыстарына 145 млн теңге жұмсалған, бірақ құрылыстың аяқталуы тек 2025 жылға жоспарлануда. Сонымен қатар орталықты қаржыландыруда қиындықтар бар. Тарифтердеинфляция ескерілмеген. Жеке гигиена құралдары бөлінбейді. Азаматтардың өтініштерін егжей-тегжейлі тыңдаған соң депутат Respublica партиясының фракциясы осы және жазғы сапарлар барысында жиналған өзге деөтініштерді басты назарға алатынын айтты.

Сондай ақ депутат «Жайлы мектеп»бағдарламасы бойынша салынып жатқан мектеп құрылыстары мен басқа да проблемалық нысандарды аралады.

Нұргүл Тау бұдан бөлек Қонаев қаласындағы«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және тұрғындармен кездесу өткізді.

 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366