Ырысбек Дәбей. «Халыққа төнетін ешқандай, ешқандай қауіп жоқ...», ұмытқан ұятын ауызда әмір жоқ...
Ғалым Жайлыбай. Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл
Еспейді самал таңнемен,
Шалдыққан шартарабымда.
…Жазира Жаңаарқам менен
Қара орман Қарқаралымда.
Мұң емес, -
Мұқалмас қайғы,
Ғасырлардың қауіпті өткелі.
Жусаны жұпар шашпайды,
Ақбөкен ауып кеткелі.
Келгендей Арқаға құрдым,
Тажалға лағынет, мейлі –
Жаңаарқа,
Қарқаралының
Базарда малы өтпейді.
Кигенде алаңсыз кепті,
Қартым-ай, ретің сынар:
«Гептилді залалсыз депті,
Өкімет білетін шығар…
Қайтейін, асығыс бәрі,
Жөн еді қашық ұшқаны.
Ресейдің құламаса екен
Зымыран тасығыштары».
Арқам-ай, арқаға батты,
Ауыл тұр, шайқала… жүдеп.
ҚҰрдасым тартады арақты:
- Уды у қайтарады, – деп…
Ырысбек Дәбей. Зауал
Ғалым Жайлыбай. Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл
Еспейді самал таңнемен,
Шалдыққан шартарабымда.
…Жазира Жаңаарқам менен
Қара орман Қарқаралымда.
Мұң емес, -
Мұқалмас қайғы,
Ғасырлардың қауіпті өткелі.
Жусаны жұпар шашпайды,
Ақбөкен ауып кеткелі.
Келгендей Арқаға құрдым,
Тажалға лағынет, мейлі –
Жаңаарқа,
Қарқаралының
Базарда малы өтпейді.
Кигенде алаңсыз кепті,
Қартым-ай, ретің сынар:
«Гептилді залалсыз депті,
Өкімет білетін шығар…
Қайтейін, асығыс бәрі,
Жөн еді қашық ұшқаны.
Ресейдің құламаса екен
Зымыран тасығыштары».
Арқам-ай, арқаға батты,
Ауыл тұр, шайқала… жүдеп.
ҚҰрдасым тартады арақты:
- Уды у қайтарады, – деп…
Ырысбек Дәбей. Зауал
Қып-қызыл аспанның жиегі сөгіліп
қара жер төсіне төгіліп шашырар,
Шаң борап самиян далда
меңіреу ажалдың есігі мөңіреп ашылар.
Ананың бүлк еткен құрсағын құрсаулап шөккенде нән тұман
бурадай бұлқынып,
Үрейге малтығып түс көрем түнімен
тұлымы тұлданған құбыжық ұл туып...
Шілдеде шық тұрған жалбызды жағалау
у тұнған тамшысын қалтырап ұсынар,
Бабадан тәбәрік күмістен пиала қарғыстан қақырап,
быт-шыт боп шытынар...
Е-е-е... таңғы газеттер сөйлейді:
«Халыққа төнетін ешқандай, ешқандай қауіп жоқ...»,
Ұмытқан ұятын ауызда әмір жоқ...
Ақберен Елгезек. Сырдың мұңын сезесің бе, жарық күн?
У шашылды жанарына Анамның,
Әкем – Аспан немен енді алданар?
Ал, менің ше?
Шаршау менің санамның,
Түкпірінде жарылады бомбалар.
Есімім – шер,
Бүгін менің затым – мұң,
Бар сенімім қайда кеткен жоғалып?
Бар ма айырма гептил менен атомның?
Айырмасы жоғы анық.
Өз ішімнен қаңсып тұрған сезем шөл,
Ол шөлімді баса ала ма өлеңім?
Удан енді арыла ма өзен-көл,
Оның маған кім береді төлемін?
Машықтанған ағайлар-оу, жел сөзге,
Бедірейіп, аумай қапсың өліден.
Маймақ аю ұрпағынан әлсіз бе,
Жаратылған Бөріден?
Ей, Алашым!
Анаң еді жер сенің,
Сырдың мұңын сезесің бе, жарық күн?
Мұрыныңа әкеле ме жел сенің,
Сасық иісін арам қатқан балықтың?
Ертең тағы жарқырайды шығып күн,
Бүгін күн де, жаңбырлата тыншып тұр.
Гептил иісі, гептил уы...
Тұншығып,
Қара аспаннан Ана жасы ыршып тұр...
Abai.kz