Жұма, 22 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 2189 1 пікір 30 Тамыз, 2023 сағат 13:21

Ноғаев Ресей консулдығын ашуға неге құмартып отыр?

2022 жылдың шілдесінде Ресей Сыртқы істер министрлігі консулдық департаментінің директоры Иван Волынкин төрт мемлекетте, атап айтсақ: Ақтау (Қазақстан), Гродно (Беларусь), Канкун (Мексика) және Самарқандта (Өзбекстан) Ресейдің консулдық мекемелерін ашатындығын ТАСС арқылы сөз еткен болатын.

Каспий бестігінің арасында жері де, теңізі де Ресеймен шектескен тек Қазақстан ғана. Сол себепті Ақтау Ресейдің консулдық мекемесіне тегін таңдалып отырған жоқ.

Араға айлар салып, былтырғы жылы қарашада Ақтауда Ресей Бас консулдығын ашу мәселесі түбегейлі шешілетін болды деп, Ресей елшісі Алексей Бородавкин мәлімдеде жасағанын бәріміз жақсы білеміз.

Содан кейін екі елдің ақпаратында осы тақырып тым-тырыс қалды. Енді міне, Ресей елшісі Алексей Бородавкин Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен осы мәселенің басын ашып алыпты.

Бұл турасында ТАСС агенттігі: «Ресей-қазақ әріптестігін одан ары дамыту аясында аймақаралық деңгейдегі энергетика, көлік пен логистик, ауылшаруашылығ, оның ішінде мал шаруашылығы, әрі туризмдік аралас-құраластығы ескеріле отырлып, Ақтау қаласында Ресейдің консулдығын ашу мәселесі жан-жақты қарастырылды»,- деп жазады.

Бұл орайда таза қазақи аймаққа әріптестікті желеу етіп, үй ішінен үй тігіп, консулдық ашып, ауыз салуының астарында не жатыр деген сауалдың құлағы қылтияды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5301