Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3311 0 пікір 4 Шілде, 2013 сағат 08:49

Протон құлап, гептил төгілсе, Мұсабаевтан ұят кетеді...

«Қазғарыш» агенттігінің төрағасы, Халық қаһарманы  - Талғат Мұсабаев баспасөз өкілдерімен кездесуі кезінде «КТК» арнасының журналисі Ербол Сейілханды орысша (шет тілі) балағаттап, кеудесінен итергенімен қоймай, жер-жебіріне жетіп, ұрысты.

Журналисттің кінәсі жоқ. Оған әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан видео дәлел бола алады.

Міне, «Қазғарыш» төрағасының тәрбиесінің көрінісі! Қарапайым мәдениет пен этикадан жұрдай адамға не деуге болады? Мүмкін, айға барып келгендердің ара-тұра ақылынан адасып (бәрі емес, әрине), халқына қарсы балта ала жүгіретін әдеті ме екен?! Енді, қанша дегенмен аспаннан түскен адамдар ғой. Жердегілерді, соның ішінде журналисттерді менсінбейтін шығар...

Бәрін қойшы, журналисті орысша балағаттап «әлдеқайда апарып тастаған» Мұсабаев өз қылығына тіпті қымсынбайтын секілді.

Талғат мырзаның бұл қылығы Үкіметтің ел алдындағы өзі аз беделін одан әрмен жұрдай қылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366