Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
1896 2 пікір 31 Тамыз, 2023 сағат 12:56

805 млрд теңге: Медицина саласында жалақы көтеріледі

Премьер-Министр Әлихан Смайылов медицина саласындағы өзгерістер туралы айтты.

«Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері ерекше бақылауда. Неврологиялық аурулары бар балаларды оңалтуды қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Бүгінгі таңда 55 медициналық ұйым осындай қызмет түрлерін көрсетеді. Оның 27-сі соңғы 2 жылда ашылған. Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін резидентурада мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 70%-ке ұлғайды. Ол биылғы жылы 1000 грантқа көбейді. Соңғы 3 жылда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен 805 млрд теңге бөлінді», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталған.

Ұлттық жоба аясында 655 бастапқы денсаулық сақтау нысаны салынып, 32 ауданаралық аурухана жаңғыртылады.

Бұл 4 млн-нан астам ауыл тұрғындарын мамандандырылған медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып, жоспарланған 8 облыстық көпсалалы және университеттік клиниканың 2-уінің құрылысы басталды.

BIGPHARMA ТОП-50 қатарына кіретін ірі әлемдік фарминдустриямен ынтымақтастықты нығайту отандық өндірісті дамытуға қуатты серпін берді.

«Мысалы, «Pfizer» және «Roshe» компанияларымен Қазақстанда препараттар өндірісін ашу бойынша келісімдерге қол қойылды. Мемлекеттік қолдау шеңберінде қазіргі уақытта 36 отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу бойынша 98 ұзақ мерзімді келісімшарт бар. Ағымдағы жылы сатып алынған 1,6 мың дәрілік заттың 947 позициясын немесе 61%-ін отандық фармацевтикалық компаниялар өндірді», - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1526
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3306
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5935