Грузияда Ресейшілдер президентті құлатпақшы...
Жұма күні өткен арнайы брифингте Гүржістан билігін 2012 жылдан өз қолына ұстап келе жатқан «Гүржі Арманы» партиясының төрағасы Ираклий Кобахидзе қазіргі президент Саломе Зурабишвилиге байланысты «Ел конституциясын өрескел бұзғаны үшін» импичмент жариялауды бастағанын мәлім етті.
Кобахидзе Үкіметке мәлім етпей, Еуропа барып ГФР президенті Франк-Вальтер Штайнмайер кездесуі ел Ата Заңының «президент үкіметтің келісімімен ғана өз өкілеттілігін іске асыра алады» делінетін 52 бабын бұзғандық деп айыпты етсе, премьер Ираклий Гарибашвили басқарған министрлер кабинеті мемлекет басшысына тек бір ғана ГФР емес, одан бөлек Украина, Швейцария, Польша, Болгария, Бельгия, Чехия, Дания, Израиль және БАӘ елдеріне баруға тыйым салды.
Президент қазан айы жақындаған сайын Гүржістан Еуроодаққа мүшелікке үміткер болып тіркелу үшін Еуропа елдерінің астаналарын аралау аса қажет десе, Кобахидзе қырсығып «барлық атақты бір өзі иеленбекші» деп батпақтануда. Бұның артында ЕО жеткішілерімен арадағы «тиімді шешімдер қабылдауға кедергі жасаудың» жатқаны жасырын емес. Сондықтан сарапшылар оның қолымен Путиндік Ресей от көсеуде дегені шындықтың ауылынан алыс емес.
Осыны сезген Михаил Саакашвилидің «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партия биліктегі партияны «Мәскеудің ығына жығылып еуроықпалдастың тамырына балта шабушылар» деп орынды айыптады.
«Гүржі Арманы» партиясы парламенттегі 78 орынға ие президентке импичмент жариялау үшін оған 100 дауысқа ие болуы керек. Бұл мүмкін емес. Өйткен басқа партиялар бұған қарсы сондықтан ЕО пен Гүржістанның ықпалдасуына ешкім кедергі бола алмайды.
Кімнің ақ, кімінің қара және Мәскеу ждақ екенін биылғы жылы өтетін парламент сайлау анықтайды. Одан кейін іле шала 2024 жылы Президент сайлауы өтеді. Бұл жолы мемлекет басшысы – Батысшыл, Билік патиясы – Мәскеушіл болып ел тарихында қалды.
Abai.kz