Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3186 0 пікір 10 Шілде, 2013 сағат 20:28

Азамат Ақылбеков. Менің ұсынысым: бас сүйекті қалай қайтаруға болады?

         Құрметті оқырман! Бірден келісіп алайық, бұл мәселе турасында жазу барысында өзімді көрсетейін немесе білгішсінейін деген ойым жоқ. Тек өзімнің азаматтық парызымды орындап, елге ой тастамақшымын. Бұған түрткі болған -  Парламент Мәжілісінде бір топ депутаттардың осы мәселені қайта көтеруі. Қайталаймын, қайта көтеруі! Өйткені, бұл мәселе ешқашанда қазақ жадынан өшпей, мазалай беретіні анық. Соның шешілу жолы қалай іске аспақшы? Міне, мен сіздерді сол туралы ой бөлісуге шақырамын.

         ...Кенесары ханның бас сүйегін қайтару мәселесіне қатысты жағдайға үңіліп қарасақ, біз тұп-тура тамақ есіне түскенде зар қағып маңырайтын жетім қозыдаймыз...

         Құрметті оқырман! Бірден келісіп алайық, бұл мәселе турасында жазу барысында өзімді көрсетейін немесе білгішсінейін деген ойым жоқ. Тек өзімнің азаматтық парызымды орындап, елге ой тастамақшымын. Бұған түрткі болған -  Парламент Мәжілісінде бір топ депутаттардың осы мәселені қайта көтеруі. Қайталаймын, қайта көтеруі! Өйткені, бұл мәселе ешқашанда қазақ жадынан өшпей, мазалай беретіні анық. Соның шешілу жолы қалай іске аспақшы? Міне, мен сіздерді сол туралы ой бөлісуге шақырамын.

         ...Кенесары ханның бас сүйегін қайтару мәселесіне қатысты жағдайға үңіліп қарасақ, біз тұп-тура тамақ есіне түскенде зар қағып маңырайтын жетім қозыдаймыз...

         ...Бұл мәселемен  Кенесары ұлы Сыздық сұлтан мен Жамбыл атамыздан бастап, Алаш арыстары да айналысқанын, Совет заманында сол сүйекті Ленинградта көрдім деген талай кісілердің (Мысалы: атақты шопан, Социалистік еңбек ері Жазылбек Қуанышбаев) сөздерін, қазіргі кезеңде бірнеше экспедиция жабдықталып, олардың барлық жұмыстары сәтсіздікке ұшырағаны туралы біреу білсе, біреу білмейді. Оның үстіне осы іспен бірнеше қордың қатар айналысып жүргендігі тағы бар. Газет, журнал беттерінде көптеген азаматтар талай шаруа бітіргендері де жазылды және хан жатқан жерлер «табылып», қазір төрт жерге ескерткіш қойылғандығы, іздеуге көріпкелдердің де қатысқандығы туралы хабарларға көптеген сындар айтылып, ел арасында тірнектеп жасалынған қиын жұмыстардың беделін төмендетіп кеткендігі де өкінішті...

         Алайда, қазақ халқының бабамыз Кенесары және де сол кездерде шейіт болған көптеген сұлтандардың, ерлердің, батырлардың қаза тапқаннан кейінгі жағдайларына бей-жай еместігіне, жанашырлықпен қарайтындығына қуанамыз. Соңғы ханымыздың аруағы ұмытылмай, өмірде ерекше орын алып отырғаны әр қазақтың жүрегінде, ойында тұр.  

         Соңғы рет Кенесары жағдайына мәдениет министрі М. Құл-Мұқаммед жауап беріп, барлық экспедициялардың сәтсіздікке ұшырағанын, ал алдағы уақытта іздеу жұмыстарының жалғастырылып, егер басқадай қиындықтар туындаса, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тікелей араласатындығы туралы мәліметтерді оқып қуанып қалған болатынбыз.

         Жақын күндерде бір топ Мәжіліс депутаттары осы мәселені қайта көтеріп, бұрынғы қателіктерді қайталамай, ары-бері қаптаған жазу, хат алмасумен ғана шектелмей, тез арада шалт, нақты қимылдайтын топ құрып, оның жетекшілігіне осы іске шын берілген адамды тағайындауды ұсынғандарын толығымен құптай отырып, сондай адамның бойында қандай сапа-белгілері, қасиет-шарттары болуы керектігін ұсынбақшымыз:

1) Әрине, топ басқаратын тұлғаның арқалайтын жүгінің орасан ауырлығы анық, сондықтан бұл іске толығымен берілген адам болуы қажет, яғни күнделікті күйбеңмен өз басының қамын ойлап кетпей, бастаған істі аяғына жеткізіп, бұл мәселені толығымен шешіп, бар елдің сенімін ақтау;

2) Топ Ресейге, Қырғызстанға барғанда ұятқа қалмас үшін бар жағынан білімді болуы керек. Ол үшін осы мәселеге қатысты барлық материалдарды түгел бір орталыққа жинақтап, толық танысып білуі қажет;

3) Белгілі хан ұрпақтарынан ДНК сараптамаларын алып, ғылыми негізделген ханның өз ДНК талдамасын шығарып, анықтау керек;

4) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді демекші, барлық қаржыны бір жерге топтастыру керектігі себепті сенген адамның барынша ашық-адал болуы;

5) Топ басшысы қазақша өте жақсы білуі керек; (барған адамымыз, келісім жүргізетін қарсы жақтың адамдарымен қосылып, өзіміздікілермен тілмаш арқылы сөйлесіп тұрса, ондай топтың қандай беделі болмақ?)

6)  Топ басшысының тұлғасынан қазақы келбет түгелдей табылуы керек, яғни біздің қазақ елінің басқа түркі халықтарымен салыстырғанда ештеңені ұмытпайтын қасиеті дара көрінуі керек; (бірер алған хаттардан үзінді келтірейін - Мурад Аджи (жазушы): «...Сенің айтқаныңа толықтай қосыламын, кей кездерде ел аузынан мүйіздері қарағайдай академиктер білмейтін мәліметтерді алуға болады. Бұл жөнінен қазақ халқы өте ерекшеленеді»; Р. Тұрабханоглы (партия жетекшісі) «..Қазақ халқы біздің әзербайжандарға қарағанда бұрынғыны, ескі сөздерді, ата-бабасының жатқан жерін білуімен таң қалдырады»; Р. Санбобаев (профессор) «...Біздің өзбектерден ары таман сұрай бастасаң, тек тұрған жерлерін айтумен ғана шектеледі. Ал қазақ бауырларымыз бұрынғы ата рухтарына ерекше сеніммен, адалдықпен қарайды») Міне, біздің топ басқарушысының қазақи сана рухында білімді болуы керек дегеніміздің мағынасы осында. Егерде топ басшысы (мүшесі) Шоқан, Нысанбай, Көкпай, Жамбыл, Сыздық, Ахмет, Мұхтар, Сәбит, Ілияс, Ермұхан, Әлихан, Мұхаметжан, Мұқаш, Солтонаев, Әлкей, Шәді, Сүйінбай, Бақтыбай, Кенен сияқты т.б. т.б. аталарымыздың еңбектерінен нәр алған, хабары болмаса, ондайлар уызына жарымаған төлдей орта жолда қалып қояры анық;        

7) Топ жетекшісі ханның қазіргі ұрпақтарымен түгелдей дерлік таныс болып, ұдайы байланыста болғаны жөн. Жасыратын несі бар, біздің қазақтың тұрған жеріне, шыққан тегіне (руына) байланысты да аздаған ерекшеліктері бар. Кенесары – төре тұқымынан, сондықтан бұл рудың да ерекшеліктерін (тамғасын, ұранын...) түбегейлі білу маңызды. Ал хан ұрпақтарын толықтай білу қажет дейтініміз, алда кім біледі, қандай жерлерге жүгінуге тура келерін, сондықтан заңдылық-заңнамалықтар негізіндегі кейбір ойларымыз бар; 

8) Топ жетекшісін (мүшелерін) сайлағанда оның жасына, атағына, шеніне қарамай, қолынан нақты іс келетіндігіне қараған абзал.

9) Осы топтың өзін қалыптастырғанда Ұлттық комиссия құрып, кандидаттарды ашық түрде (БАҚ) талқылау қажет;

         Кенесары ханның бас сүйегін қайтару - ел президенті Н. Назарбаевтың тапсыруы бойынша қазіргі талқыланып жатқан қазақ халқының шынайы тарихын қалыптастыру концепциясына сәйкес үлкен, аса маңызды оқиға болмақ. Сондықтан осы ұсыныстарымды көпшілік талқысына жолдауды жөн көрдім.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1542
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6087