Сенбі, 23 Қараша 2024
1584 4 пікір 7 Қыркүйек, 2023 сағат 11:49

«Митталдың орнын ресейліктер баса ма?» - Министр жауап берді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Арселоар Миттал Теміртау» компаниясының орнына ресейлік «Северсталь» компаниясының келетіні туралы ақпаратқа пікірін айтты. 

«Олай емес, Ресей компанияларынан ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Тағы да түсіндіріп айтайын, ешқанда келіссөз жүріп жатқан жоқ», - деді бірінші вице-премьер Ақордада тілшілер сұрағына орай.

Сондай-ақ Роман Скляр әзірге инвестор қай елден келетінін айту ерте екенін атап өтті.

«Иә, шынымен де, компания қондырғыларды жөндеу, инвестициялар бойынша міндеттемелерін кешіктіруде. Кәсіпорында адам қазасымен байланысты қайғылы оқиғалар болып жатыр. Оның бәрі бізді алаңдатпай қоймайды. Сондықтан өндірісті дамытуға ақша құйып, тиімді жұмыс істей алатын өзге инвесторларды тарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі – негізгі басым бағыт. Қазір қай елдің инвесторлары келуі мүмкін екенін айта алмаймын, ерте болады», - деді бірінші вице-премьер.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366