Елімізде 2 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалған
Бас прокуратураның баспасөз қызметі Қазақстанда 2,1 мың адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін, 11 мыңға жуық адам іздеуде жүргенін хабарлады.
Ресми статистика бойынша қазір 10 748 адамға іздеу жарияланған, оның 2 176-сы із-түзсіз жоғалып кеткендер.
Хабар-ошарсыз кеткендердің көпшілігі Алматы қаласы (287), Қарағанды облысы (221) Павлодар облысы (170), Алматы облысында (167) тіркелген.
Жоғалып кеткендердің көбі 30 бен 49 жас аралығындағы ер адамдар (77%), тергеу мен соттан 2372 адам қашып кеткен.
Abai.kz