Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
1519 0 пікір 13 Қыркүйек, 2023 сағат 14:38

Өзбек мүфтиі пәранжа кигендерді сынады

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Нуриддин Халикназаров әйелдердің паранжа киюіне қатысты пікірін білдірді.

Ол ислам әйелдердің жүзін толық жауып және қара киім киюді талап етпейтінін айтты. Видео пікірді діни басқармасының баспасөз қызметі жариялады.

"Біз діни киімдерді киюде тым артық кетіп жатырмыз. Біздің мазхаб әйелдерге тұмшалап жүруге бұйрық бермейді. Дінімізде сұлу көрініп жүруді және тым ашық киінбеуді ұсынады", - деді мүфти.

Нуриддин Халикназаров киім киюдің талаптарына тоқталып, әр елдің өзінің салт-дәстүрі бар екенін жеткізді.

"Мұсылмандар белгілі бір формада киім кию керек деген талап жоқ. Ислам бүкіл адамзатқа жіберілген – арабтардың өз киімі бар, түріктердің өз киімі бар, Индонезия мен Малайзиядағы мұсылмандардың өз киімі, өзбектердің өз киімі бар. Шегі болуы керек: ұятсыз киім киюдің де, аратардың өте қара киімін киюдің де қажеті жоқ”, - деді мүфти.

Мүфти сақал қою мәселесіне де тоқталды. Ол жас жігіттерге сақалды алу керегін ескертіп, дінді ұстанатындарды исламды салқынқанды саналы түрде түсіндіруге шақырды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3292