Тоқаев Тәжікстанда жүр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді.
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа баса мән берілді.
Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады. Сонымен қатар, президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.
Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.
Abai.kz