АҚШ: Ресей мен Солтүстік Кореяның келіссөзі қауіпті
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Ресейдің Солтүстік Кореямен БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына қайшы келетін бағдарламасы бойынша келіссөз жүргізуі "қауіпті" деп мәлімдеді.
"Қарым-қатынасты кеңейтіп жатқанына қарағанда, бұл әскери тұрғыдан болуы мүмкін. Бұл қауіпті әрі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің көптеген резолюцияларына қайшы келеді",- деді Мемлекеттік департамент спикері Мэтью Миллер Путин мен Ким Чен Ынның келіссөзі жайында.
13 қыркүйекте Амур облысындағы "Восточный" айлағында Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын арасында 4 сағат бойында келіссөз өтті.
Онда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу мен Пекин Солтүстік Кореяға қарсы салған санкциялардың бәрін алып тастайды деп мәлімдеген. Себебі ол "басқа геосаяси жағдайда қабылданған" деген.
Солтүстік Кореяға қарсы ядролық және зымыран бағдарламасын дамытып жатқаны үшін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тарапынан санкция салынған. Оған Қытай мен Ресей мүше.
13 қыркүйекте Ким Чен Ын Мәскеумен қарым-қатынасты дамытқысы келетінін мәлімдеп, Путиннің шешімдерін әрдайым қолдаймын деген.
Солтүстік Корея Сириядан кейін Мәскеудің Украинаға басқыншылығын ашық қолдаған екінші ел.
Abai.kz