Таиланд Қазақстанға уақытша визасыз жүруге рұқсат бермек
Қазақстан азаматтары Таиландта 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді.
Жарамды жол жүру құжаты – ҚР азаматының паспорты, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.
Abai.kz