4408 жеке және заңды тұлғаның жұмысы әділетсіз деп танылды
Мемлекеттік сатып алулар саласында қызмет пен тауар жеткізуші 4408 жеке және заңды тұлғаның жұмысы әділетсіз деп танылды. Сот шешімі бойынша оларға мемлекеттік сатып алуларға қатысуға тыйым салынды.
«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС баспасөз орталығы таратқан мәліметке сәйкес, ондай компаниялардың басым бөлігі - 666-сы Астана қаласында анықталды. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы (629), Алматы қаласы (525), Қарағанды облысы (392), Алматы облысы (285), Шығыс Қазақстан облысы (284), Қызылорда облысы (205), Қостанай облысы (196), Ақтөбе облысы (190), Жамбыл облысы (190), Павлодар облысы (189), Батыс Қазақстан облысы (184), Маңғыстау облысы (152), Солтүстік Қазақстан облысы (134), Ақмола облысы (125) және Атырау облысы (62) келеді. Жалпы саны - 4408.
«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Сұлтанжан Ахметовтің айтуынша, енді арнайы тізім жасалғаннан кейін әділетсіз қызмет пен тауар жеткізушілері www.goszakup.gov.kz порталындағы мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмайды.
ҚазАқпарат