Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қаза тапты
Оңтүстік Кореяда 18-қабаттағы пәтердің төбесін бояғалы жатқан қазақстандық ер адам жерге құлап кетіп көз жұмды.
«21 қыркүйек таңғы сағат 8:25-те Кимхэ қаласындағы Канто-Донгтағы пәтерді бояу жұмыстарына дайындалу үшін қорғаныс жолағын орнатқан Қазақстан азаматы 18-қабаттан жерге құлады. Жазатайым оқиғадан кейін қазақстандық ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», - деп хабарлады idomin.com жергілікті полицияға сілтеме жасап.
Сондай-ақ жергілікті басылым бұл кәсіпорынның мұндай оқиға үшін заң аясында жазаланбайтынын атап өтті, өйткені онда жұмыс істейтіндер саны 50-ге де жетпейді.
Полицияның мәліметінше, қазақстандық ер адам Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген. Ол елге туристік визамен кірген.
Сонымен бірге, жергілікті полиция бұл жазатайым оқиғаны егжей-тегжейлі зерттейтінін, әсіресе жабдықтың тозуы мен компания басшылығының қауіпсіздік ережелерін сақтауын тексеретінін мәлімдеген.
Фото: ғаламтордан
Abai.kz