Сенбі, 23 Қараша 2024
1235 0 пікір 25 Қыркүйек, 2023 сағат 14:34

Германия Украинаға 400 млн еуро көмек береді

Германия Украинаға құны 400 млн еуро болатын әскери көмек беретінін мәлімдеді. Аталған көмек аясында Украина "Гепард" танкілері, IRIS-T зениттік-ракета кешені, MRAP бронды машинасының 200 данасын алады.

Әскери пакет аясында Киевке 155 мм артиллериялық жүйе, минометке арналған оқ-дәрі, AT-2 миналық ракеталары да беріледі.

Бұған қоса, Украинаға қыста жүретін әскери техника, бұған дейін жеткізілген техникаға арналған бөлшектер, көлік құралдары мен 50 дрон жеткізіледі.

Германия украин әскерін оқытуды тоқтатпайды.

"Жылдың соңына дейін 10 мың украин әскери қызметкері оқуын аяқтайды. Қазіргі кезде басшылық құрамды: топ, взвод, рота командирлерін дайындауға баса назар аударылып жатыр " деп жазылған Германия қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Әскери көмек туралы шешім "Рамштайн" форматында өткен 15-отырыстың нәтижесінде қабылданды. Қазіргі кезде Украинаға көмек беру жағынан Германия Еуропада – бірінші орын, әлем бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364