Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6527 0 пікір 31 Шілде, 2013 сағат 10:44

Аманхан Әлімұлы. Нағыз поэзияны түсінгеннен бұрын, сезінесің

                                                ***

Мен қайсібір ғалым-қаламгерлердің ғылыми тіл заңдылығына бағынып, әдебиет теориясынан өрген шығармасын оқи алмаймын. Онда сезіп-сезіне жазғанға қарағанда, біліп-білімділікпен жазған басым. Одан көркем тіл және жанды образбен көркемделген сыршылдық пен шынайылықты көре де, таба да алмауымыздың  сыры сонда. Ал, мұндай шығарма-шабыт көзі поэтикалық- психологиялық қуаттан ада болады. Поэтикалық-психологиялық қуат – шығармашылық суреткерлік пен көркем  тілді, образды, музыканы (ТОМ) бойына табиғи-тарих топырақтан сіңірген жазушыларға тән қадыр-қасиеттер. Ұлт жазушысының белгісі де сонда. Олардың қатарына мен Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Тәкен Әлімқұлов, Әбіш Кекілбаев, Қалихан Ысқақов, Асқар Сүлейменов, Қабдеш Жұмаділовті  жатқызамын. Соңғы  буындардан Несіпбек Дәуітайұлы, Жаңабек Шағатай, Асқар Алтай, Айгүл Кемелбева, Думан Рамазан, Дәурен Қуатты  қосамын.

                                             ***

                                                ***

Мен қайсібір ғалым-қаламгерлердің ғылыми тіл заңдылығына бағынып, әдебиет теориясынан өрген шығармасын оқи алмаймын. Онда сезіп-сезіне жазғанға қарағанда, біліп-білімділікпен жазған басым. Одан көркем тіл және жанды образбен көркемделген сыршылдық пен шынайылықты көре де, таба да алмауымыздың  сыры сонда. Ал, мұндай шығарма-шабыт көзі поэтикалық- психологиялық қуаттан ада болады. Поэтикалық-психологиялық қуат – шығармашылық суреткерлік пен көркем  тілді, образды, музыканы (ТОМ) бойына табиғи-тарих топырақтан сіңірген жазушыларға тән қадыр-қасиеттер. Ұлт жазушысының белгісі де сонда. Олардың қатарына мен Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Тәкен Әлімқұлов, Әбіш Кекілбаев, Қалихан Ысқақов, Асқар Сүлейменов, Қабдеш Жұмаділовті  жатқызамын. Соңғы  буындардан Несіпбек Дәуітайұлы, Жаңабек Шағатай, Асқар Алтай, Айгүл Кемелбева, Думан Рамазан, Дәурен Қуатты  қосамын.

                                             ***

   Өзін қаламгер санайтын адам, прозаның басты белгілерінің қатарына жататын диолог пен монологты бойына Алла берді (табиғи) сіңіріп, олардың шығармадағы алатын орыны мен ролін ажырата  алмаса, жазушы емес. Диологқа ұзақ  сонар сұрақ-жауап немесе мән-мағанасыз  мылжың тіл қатысулар  қаншалықты жүрмесе, монологқа да  жүрек толғанысын жанды жеткізетін ішкі иірім-ньюанстан  өрмеген, қыздырма қызыл сөздер мен сөйлемдер жиынтығынан тұратын желдірме-желпіністер соншалықты жүрмейді.

                                        ***

 Кез-келген прозалық шығарма – көркем, шын-шынайы суреткердің  қаламынан туса, ол поэзия сияқты еркін, жатық, ерік еркіңнен тыс оқылуы тиіс. Оған журналистік әдіс-тәсіл, пошым-порым, тілдік қор жүрмейді. Шынайы  прозаның публистикадан айырмашылығы сонда.

                                                        ***

Объекті мен субъектінің, адам және табиғат, Құдайдың арасындағы айырмашылық пен байланысты сезіп қана қоймай, білген ақын да, жазушы да бақытты.

                                                           ***

Образ –  ұлттық-интелектуалды  ішкі интуицияның  бейнелеу, ұқсату, теңеу, көркемдеу көрінісі.Тіл – ана сүтімен келіп, ұлтық-тілдік ортаның құнарынан өрген құбылыс болса, поэзиядағы Музыка – Жаратушы иенің күшімен болған кез-кеген табиғи дыбысты тіл мен образ арқылы  сазды сөзге түсіріп, үндестіре білеу. «Ақынның үндестік ұлы» болатынының сыры сонда. Мысалы, «Сары ағаш сазға біткен сияқтанып», «Сар желіп «Сәулем-айға» салған қандай», «Сағынай саптыаяқа сиіп  өлген», «Сағыныш санамдағы сартаптанған» болып кете береді...

                                                            ***

Нағыз поэзияны түсінгенен бұрын, сезінесің, Түсіну – ақыл-ойдың көрінісін байқататын қасиет, ал, сезіну, сезу, сезім – құбылыс. Құбылыс болса– поэзияның да, прозаның да, жалпы өнер атаулының  негізі

                                                                 ***

Кейбір жас ақындар сүтке суды көп қосып сататын саудегерлер сияқты, желөкпе-желең, қыздырма-қызыл, өрекпіп-өңмеңдеу, көпірме көпсөзділік пен мылжыңдыққа әуес. Яғни, оларда жинақылық, бір ізділік, сөйлем мен сөз, сезім тасқынын тежей алатын ішкі Алла берді  ақындық құбылыс жоқ та, өлеңшілдік қасиет бар. Өлеңдерінің басынан бастап, аяғына жеткенше, ақынның (ақын болса) не айтқалы отырғанын түсінбей, образбен айтқанда, өзіңді орманда адасып жүргендей сезінесің. Онда тал-терек, емен сияқты тағы да басқа ағаштар бар,  бірақ, нағыз орманың өзі жоқ.                                                  

                                                                  ***

Поэзияны (өлеңді деп қабылдаңыз) түсіндіріп, оны адвокат болып қорғаудың   еш қажеті жоқ, ол өзін өзі ақтап та, қорғай да алатын құбылыс.

                                                           ***

Ақын өзінің алған тақырыбын жақсы сезініп, жан-жақты біліп, айқын көріп, басынан кешсе, ешқандай да абстракциялы әрі тұманды да көмескі, сусыма уыста да, сана-сезімде  тұрмайтын өлең тудырмайды.

                                                              ***

Сезім – лып етпе, ұшпа көңіл күйдің көрінісі, оның поэзиядағы көрсеткіші жинақылық, қысқалық, сөз бен сөйлем үнемшілдігі. Оны құбылыс деуіміздің сыры сонда. Ендеше, ақындық құбылыс. Поэма, дастан, оқиғалы өлең туралы әңгіме басқа.

                                             ***

Орындалуға келмейтін қиял – қиялилықтың басы, өтіріктің көлеңкесі. Осы екеуінен аса алмаған өлеңді  жазған адам қияли немесе өтірікші. Ондайлардан ақын шықпайды.

 

                                          ***

Нағыз ақын өзі қиялдаған, армандаған, көксеген нәрсенің немесе ненің болсын, тіпті, кімнің болмасын жетегінде бас-көзсіз кетпей, керісінше, оларды  өзінің ішкі ерік еркіндігіне бағындырып, яғни, Алла тудыратын өлеңнің көзі – шабытты шағының уысында ұстай білуі тиіс. О да ақындық құбылысқа тән көңіл-күй. Қалғанының бәрі қиялилық, бас-көзсіз, сана-сезімсіз күмәнді да тұманды жан қозғалысы мен көңіл күйдің көмескі көшірмесі. Ондайлардан түптің түбінде ақын шықпайды, тек ет пен терінің арасындағы қызбалықтай  өлеңші болып қана  қалады.  Мен ондайларды  өмірімде көп көрдім.Әсіресе, әйелдердің арасында ондайлар  ұшан-теңіз.

 

                                     ***

 Қазір орыс әдебетінде «Интерпоэзия» деген ағым-түсінік қалыптасып, ол шынайы поэзияның жауы болып отыр. Ондай жағымсыз қадыр-қасиет бізде де орын алған.

                                                       ***

Өлең техникасын (өлең жасауды, жазуды) меңгеріп алу қауіпті қасиет. Ол кәсіпқойлықтың басы, өлеңшіліктің негізі. Олардың өлеңдерінде жүрек толқысы, жан қозғалысы, сезім тасқыны болмайды.

                                           ***

Поэзияның жауы– шала жансар  ұйқасқа, одан әрі кеткенде ұйқассыз ырғаққа түсіріліп, қызыл-қыздырма сөздер жиынтығынан тұратын өлеңдер.

                                                 ***

   Кейбір жас ақындардың өлеңдерін оқығанда таңқаламын, таңқалатыным олардың жазғандарында өлеңге қажетті нәрсенің бәрі бар, тек мазмұн жоқ. Нені айтып жатқанын, не айтқысы келгенін түсінбейсің.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963